Қоғам

Министрлік студенттердің Ресейге чартерлік рейстер ашу туралы өтінішіне жауап берді

© Sputnik / Медиабанкке өтуСтуденты. Архивное фото
Студенты. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан елшілігі студенттердің Ресей аумағына кіруінің оңтайлы алгоритмін жасау үшін Ресей сыртқы істер және білім министрліктерімен бірлесіп белсенді жұмыс істеп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ресейге оқуға бара алмайтын студенттердің өтінішіне жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Ресейге баруға ниет білдірген студенттер санының көптігіне байланысты (шамамен 60-65 мың адам) Мәскеудегі Қазақстан елшілігі дипломатиялық арналар арқылы Ресей Федерациясының жедел штабына қазақстандық студенттер үшін Ресейдің бірнеше қаласына (Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Уфа, Астрахан, Екатеринбург, Томск, Новосібір және Омск) қосымша чартерлік рейстерге рұқсат беру мәселесін қарастыру туралы ұсыныс жасады", – деп хабарлады сыртқы істер министрлігі Sputnik Қазақстанға.

Елшілік Ресейдің сыртқы істер және білім министрлігімен екі елдегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, қазақстандық студенттердің Ресейге баруының оңтайлы алгоритмін әзірлеу бойынша (Қазақстан мен Ресей арасындағы тұрақты рейстерден басқа) белсенді ынтымақтастық орнатуда.

"Әзірленген алгоритмді Ресейдің жедел штабы да, Қазақстанның ведомствоаралық комиссиясы да мақұлдаған жағдайда, студенттерге 12 күндік карантинге жағдай жасау үшін алдын-ала тегі бойынша тізім жасалып және ол ресейлік жоғары оқу орындарының растау қажеттігі сынды қосымша талаптар қойылуы мүмкін", – деп көрсетілген ведомство хабарламасында.

Солай десек те, сыртқы істер министрлігі "барлық шешімдер Ресейде де, Қазақстанда да эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады" деп атап өткен.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық студенттер Ресейге қалай бара алады – елшілік ережені түсіндірді

Бұған дейін бір топ шетелдік студенттер (соның ішінде Қазақстан азаматтары да бар) Ресейге COVID-19 індетінің тасымалдануы мен таралуының алдын алу жөніндегі штаб бастығы Татьяна Голикованың атына ұжымдық үндеу жолдаған болатын. Олар құрлықтағы шекаралардан өту мен чартерлік рейстер ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруды сұраған.

Үндеуге қол қойғандардың бірі Sputnik Қазақстанға рейстерге билеттер сатылып кеткендіктен, студенттер іс жүзінде сабақ оқи алмай отырғанын айтқан.

Жаңалықтар
0