Қоғам

Көктайғақ, бұрқасын және жел – демалыс күндері ауа райы қандай болады

© Sputnik / Абзал Калиев Виды города Нур-Султан весной
 Виды города Нур-Султан весной - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін мамандар қараша айының бірінші жартысында термометр бағанасы түнде -10-23°C, күндіз -2-10°C дейін төмендейді деп болжаған болатын 

АЛМАТЫ, 30 қазан – Sputnik. Қазақстанда 31 қазан мен 2 қараша аралығында жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады, бұрқасындатады, деп хабарлады Қазгидромет.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Қазақстанның солтүстігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын жауады, көктайғақ болып, бұрқасындатады.

Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.

Оқи отырыңыз: Биылғы қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады  

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер қараша айында ауа райы қандай болатынын болжады. Қарашаның бірінші жартысында республиканың солтүстік бөлігінде, шығысында және орталығында қыстағыдай ауа райы болады. Жауын-шашын, көбінесе қар жауады, қарлы боран соғады, сондай-ақ көктайғақ болып, тұман жиі түседі.

Айдың бірінші жартысында ең суық күндерде термометр бағанасы түнде -10-23°C, күндіз -2-10°C дейін төмендейді.

Айдың екінші жартысында еліміздің оңтүстігінде жауын-шашын болады. Температура түнде -5-12°С, күндіз -1+5°С дейін төмендейді.

Жаңалықтар
0