Қоғам

Коронавируспен күреске бөлінген қаражатты жымқырған шенеуніктер ұсталды

© Sputnik / Владислав ВодневТенге, деньги
Тенге, деньги - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жамбыл облысында денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғалары бюджет қаражатынан 8,7 миллион теңге жымқырған

АЛМАТЫ, 30 қазан – Sputnik. Жамбыл облысында коронавируспен күреске бөлінген бюджет қаражатын жымқырған шенеуніктер ұсталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Ведомствоның хабарлауынша, денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғалары пандемиямен күреске бөлінген бюджет қаражатынан 8 730 560 теңге жымқырған. Олар медициналық бұйымдарды жоғары бағамен сатқан. Аталған қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстанда басқарма басшысының не себепті ұсталғаны анықталды 

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі басқарма басшысының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны үшін мердігер ұйым директорынан 900 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Ол құжаттың шарттары бұрын нақты орындалып қойған.

Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Іс бойынша түпкілікті шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданады.

Жаңалықтар
0