Нұр-Сұлтанның қысы

Қазақстанда қыс қандай болады синоптиктердің болжамы

4030
Алдағы қыста Қазақстанда ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары болады деп болжанып отыр   

НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша – Sputnik. Қазгидрометтің синоптиктері алдағы қыс қандай болатынын хабарлады.

"2020-2021 жылдардың қысы өткен жылғы қысқа ұқсас, яғни жылы және жауын-шашынды болады деп болжанып отыр. Өткен жылдың қысында Қазақстан аумағына Атлантика аймақтарынан жылы және ылғалды ауа массалары жиі-жиі кіріп тұрды. Жер қабатында белсенді циклондық әрекет байқалып, атмосфералық фронттардың өтуі жиіледі, соған байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мол түсті", - делінген Қазгидрометтің хабарламасында.

Метеорологтардың болжауынша, алдағы қыста ел аумағында температура климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары болады, тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында таулы және тау бөктеріндегі аумақтарда норма төңірегінде қалыптасады.

Желтоқсан мен қаңтарда Қазақстанның батысын қоспағанда, республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынды болады, ақпанда жауын-шашын республиканың басым бөлігінде нормадан жоғары, ал оңтүстік-батыстың жартысында норма шамасында түседі.  

Алдағы көктем қандай болады

Көктемнің басы, яғни наурыз айы жылы болады, жауын-шашын аз түседі деп болжанып отыр. Ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2 градусқа жоғарылайды, ал Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы және тау бөктері аумақтарында – норма шамасында.

Жауын-шашын мөлшері аумақтың көп бөлігінде нормадан аз, солтүстікте және Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарының оңтүстік-шығыс бөлігінде норма шамасында, Шығыс Қазақстан тауларында нормадан көп болады деп болжанған.

4030
Кілт сөздер:
қыс, көктем, ауа райы
Ақорда, архивтегі фото

Тоқаев ішкі істер министріне карантиндік шараларға қатысты тапсырма берді

6
Жыл басынан бері 50 жалған вакциналау паспортын және 60 жалған ПТР-анықтамасын жасау бойынша 110 қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрін қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.      

Ерлан Тұрғымбаев мемлекет басшысына елдегі криминогендік ахуал туралы баяндап берді. Сондай-ақ, ішкі істер органдарының жұмысы бойынша есеп берді.  

Министрдің айтуынша, бүгінде қылмысты ашу көрсеткіштері жақсарып отыр. Соның нәтижесінде кісі өлтіру, тонау, бұзақылық, ұрлық, сондай-ақ, кәмелеттік жасқа толмағандар жасаған құқық бұзушылықтардың саны азайды.

"Қоғамдық орындар мен көшедегі қауіпсіздік деңгейі жоғарылады. Алайда интернет желісін пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстар көбейген. Бұған пандемия кезіндегі онлайн-қызметтердің өсуі ықпал етті", - дейді Тұрғымбаев.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысына жалған вакциналау паспорттарын таратудың жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шараларға қатысты ақпарат берілді. Жыл басынан бері 50 жалған вакциналау паспортын және 60 жалған ПТР-анықтамасын жасау бойынша 110 қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ, Тұрғымбаев жеке құрамның 96 проценті екпе алғанын жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, карантиндік шараларды қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлуді, сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың, тұрмыс саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды.

6
Портфель

Бердібек Сапарбаев президенттің сөгісінен кейін шенеунікті қызметінен босатты

976
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысында едәуір олқылықтарға жол берген Тараздың экс-әкімі Қайрат Досаевты басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қайрат Досаев қызметінен босатылды.

2019 жылдың қарашасында Қайрат Досаев мектеп дәретханасында болған зорлау оқиғасынан кейін Тараз әкімі қызметінен кетті.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, қызметінен босатылғаннан кейін бір айдан соң, 2019 жылдың желтоқсанында Досаев еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметіне тағайындалды.

Ал 2021 жылы 30 шілдеде ол Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев жұмыстан қуған экс-әкім басшылық қызметке тағайындалды

Бүгін, 3 шілде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа "2019 жылы жұмысында едәуір олқылықтарға жол беріп, қызметінен босатылған Қайрат Досаевты әкімдіктің басқарма басшысы етіп тағайындағаны" үшін сөгіс жариялады.

Мемлекет басшысы әкімге бір тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетуді тапсырды.

Дәретханадағы зорлау оқиғасы

2019 жылы Таразда 7-сынып оқушысын мектеп аумағындағы дәретханада зорлап кеткен болатын. Мектеп ішіндегі әжетхана дұрыс жұмыс істемеген және білім ошағының аумағында бір сағат бойы жүрген бөтен адамға ешкім назар аудармаған. 

Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Полицияның мәліметінше, ол 19 жыл бұрын әйел зорлағаны үшін төрт жыл түрмеде отырып шыққан.

Тағы оқыңыз: Тараздағы сұмдық: оқушы қызды дәретханада зорлаған педофилге сот үкімі шықты

Он екі жастағы қызды зорлаған 38 жастағы педофил сот үкімімен кінәлі деп танылып, 25 жылға сотталды.

Бүкіл елді шулатқан оқиғадан кейін Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы, мектеп директоры, мектеп инспекторы және бірнеше мұғалім мен білім ошағының қызметкері жұмыстан кетті.

Бірнеше күннен кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыс басшысына жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырды.

976
Кілт сөздер:
Бердібек Сапарбаев, Тараз, Қасым-Жомарт Тоқаев, сөгіс