Вакцинация жасау

Төрт ай бұрын коронавирусқа қарсы екпе салдырған қазақстандық сұқбат берді

1215
(Жаңартылды 19:17 02.11.2020)
Қазақстандық вирусолог вакцинаны алғашқылардың бірі болып сынап көрді. Әзірге кері әсері байқалмағанын айтып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша — Sputnik. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің халықаралық вакцинология орталығы директоры Қайсар Табынов коронавирусқа қарсы вакцинаны алғашқылардың бірі болып салғызды. Ол төрт айдан соң жағдайы мен антидене деңгейі туралы  Sputnik Қазақстанға айтып берді. 

"Мен екі ай бойы антиденелерді тексеріп отырдым. Одан кейін тексермедім. Қазіргі уақытта жағдайымды зерттеп жатырмын. Соңғы рет тексергенде 12 логарифм болды немесе титр 1:4000. Вакцина салғызғаннан кейін екі айдан соң айтарлықтай титрлар байқалды", - деді Табынов.

Алайда оның айтуынша, бұл қоршау көрсеткіші емес. 

"Вакцина қорғап-қорғамайтынын білу үшін мен адамдар коронавируспен ауырып жатқан госпитальге баруым керек екенін айту керек. Сол ортада болғанда ғана вакцинаның нақты күші байқалады", - деді вирусолог.

Табынов ақпан айында Еуропаға барып, коронавирус жұқтырған ғалымды мысалға келтірді. Ол антиденелерді тексеріп отырған.

"Бірақ ол 5 айдан соң коронавирустың мутацияға ұшыраған түріне қайта шалдықты. Сол кезде стационарда болып, қорғаныш киімінсіз ковид жұқтырған науқастарға көмектескен. Ол вирустың әжептәуір дозасын жұқтырды", - деді Табынов.

Сондықтан ғалым екпе салынса да, қорғаныс құралдарын қолдануға бей-жай қарауға болмайтынын жеткізді.

1215
Кілт сөздер:
вакцина, екпе, коронавирус, қазақстандықтар
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (195)
Тақырып бойынша
"Коронавирустың екінші толқыны жоқ": ДДҰ мәлімдеме жасады
Сексен пайызы жұқтырған: Еуропада коронавирустың жаңа түрі таралып жатыр
Kazpatent коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеуге қатысты ақпарат таратты
Коронавирустың екінші толқыны: азық-түлік бағасы қандай болады
Баяғы жартас – сол жартас: коронавирусқа қарсы тегін дәрілер қайда кетті?
Процент

Қаржыгер кредитті уақытынан бұрын қай кезде жабу тиімді екенін айтып берді

3
Несие мерзімінің бірінші жартысында кредитті уақытынан бұрын өтеген тиімді, дейді маман

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр - Sputnik. Ресейдің қаржы министрлігіне қарасты қаржылық сауаттылық орталығының директоры Анна Харнас кредитті қай кезде уақытынан бұрын төлеу тиімді болатынын айтты, деп хабарлайды "Российская газета".

"Несие мерзімінің бірінші жартысында кредитті уақытынан бұрын өтеген тиімді. Төлем жүйесі әдетте аннуитет болуы керек. Алдымен сіз банк процентін төлейсіз. Содан кейін сіздің төлеміңіздегі сыйақы сомасы азаяды, ал негізгі қарыз керісінше, өседі. Сондықтан кредит мерзімі басталған кезде мерзімінен бұрын өтеу процентті қайта есептеп, артық төлемнің төмендеуіне әкеледі", - деп түсіндірді Харнас.

Оның айтуынша, кредит мерзімінің соңында уақытынан бұрын өтесеңіз, үнемдей алмайсыз. Өйткені бұл уақытта негізгі қарыз төленіп жатады.

Оқи отырыңыз: "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды

Харнас кредит төленетін күні мерзімінен бұрын өтеу жасалғаны дұрыс деп түсіндірді. Өтйкені, егер сіз кейінірек төлейтін болсаңыз, онда кезекті төлем күнінен бастап өткен күндер үшін есептелген сыйақы енгізілген сомадан есептеліп, қалған сома ғана мерзімінен бұрын өтеуге кетеді. 

3
Кілт сөздер:
банк, несие, үнемдеу
Тақырып бойынша
"Қара тізімнен" шыққан 2 миллион адам тағы кредит ала ма – мамандар пікір білдірді
Кредит жайлы жаңалық: Парламент 490 мыңға жуық адамды қуантатын заңды қабылдады
Қазақстанда 750 миллиард теңге кредитті төлеу мерзімі кейінге шегерілді
Қазақстандықтар банктерге 7 триллион теңге қарыз – БАҚ
телефон

Мамандар телефон арқылы ақша ұрлаудың әдістері туралы айтты

691
(Жаңартылды 13:20 10.05.2021)
Сарапшылардың айтуынша, смартфонды ұрлап кетсе, алаяқтар иесінің барлық қаржылық операциясына кіре алады. Сол себепті ұялы телефонды үнемі бұғаттап отыру қажет

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр - Sputnik. Ресейлік мамандар картасыз төлем жасау жүйесі арқылы ақша ұрлаудың әдіс-тәсілдері туралы айтты. Алаяқтар оны жиі қолданып жатады.

"Синергия" университетінің "Банк ісі" кафедрасының аға оқытушысы Антон Рогачевскийдің айтуынша, барлық төлем телефон арқылы жасалса, ақшаны кәдімгідей терминалдың көмегімен кез келген жерде ұрлауға болады.

"Біз телефонды ылғи шалбардың калтасына салып жүреміз. Терминалды да сөмкеге салып, қажетті соманы енгізу арқылы ақшаны ұрлап кетуге болады. Ол үшін қарбалас сәтті пайдаланып, қоғамдық көлікте ме, басқа жерде ме, адамға жақын тұрып, телефонға сөмкені жақындатып өткізсе де жеткілікті", - деді Рогачевский "Прайм" агенттігіне берген сұхбатында.

Ал Еуропалық заң қызметінің заңгері Евгений Иванов NFC арқылы төлем жасаудың басты кателігін атады. Оның айтуынша, телефонмен ақша аударғанда операцияны саусақтың ізімен немесе пин-кодпен растау қажет. Бірақ смартфонды ұрлап кетсе, алаяқтар иесінің барлық қаржылық операцияларына кіре алады. Сол себепті ұялы телефонды үнемі бұғаттап отыру қажет. Ал картасыз төлем жасау жүйесіне мобильді аударымның шекті сомасын енгізіп қойған дұрыс.

Бұған дейін SafeNet аймақтық инжинирингтік орталығының директоры Денис Кувиков телефон алаяқтарының қалай қылмыс жасайтынын айтқан еді. Олар алдымен сан алуан интернет-дүкендерінің сайттарын бұзып, адамдардың жеке мәліметтерін алады. Сөйтіп әрбір адамның мекенжайын, аты-жөнін, қандай банкте тіркелгенін және тағы басқа ақпаратты алып, алаяқтық әрекеттер жасайды.

Оқи отырыңыз: "Мобильді аударым жасаңыз!": кәсіпкерлер халықты қалай алдайды

 

691