Қоғам

Қазақстанда жыл сайын қанша адам газдан уланып қаза болады 

© PhotoГазовая конфорка
Газовая конфорка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Адамдардың улануына көп жағдайда тұрмыстық газ қондырғылары мен пештерді дұрыс пайдаланбау, түтін және желдеткіш арналардағы ақау, жалғаушы құбырлардың бітеулігі, пеш қақпағының ашық қалуы себеп болады

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Қазақстанда жыл сайын 20-дан астам адам табиғи және сұйылтылған газдан уланып қаза болады. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Жыл сайын жиырмадан аса адам табиғи және сұйылтылған газдан уланып көз жұмады. 2018 жылы – 35, 2019 жылы – 28, биыл – 22 адам. Газ-баллон қондырғыларының жарылуынан қаза болатындар саны қырыққа дейін жетеді. Кей кездері бірнеше адам бір мезетте ажал құшып, жарақат алып жатады. Осы жылдың 9 айында 18 жарылыс болып, жеті адам көз жұмды, тағы он алтысы зардап шекті", - деді Ильин үкімет отырысында. 

Айтуынша, адамдардың улануына көп жағдайда тұрмыстық газ қондырғылары мен пештерді дұрыс пайдаланбау, түтін және желдеткіш арналардағы ақау, жалғаушы құбырлардың бітеулігі, пеш қақпағының ашық қалуы себеп болып жатады. 

Министр былтыр желтоқсан айында Алматы облысының Жаркент қаласындағы дәмханада болған оқиғаны мысалға келтірді. Газ-ауа қоспасы жарылып, дәмхананың жеті қызметкері жарақат алып, тұрғын үйдің 120 адамы эвакуацияланған болатын. 

Ильиннің айтуынша, мұндай мекемелер қауіп-қатер дәрежесі төмен нысандарға жатады және жоспарлы тексерістен өткізілмейді.

Жаңалықтар
0