Қоғам

Адамды веб-камера арқылы бақылап отырғанын қалай білуге болады

© Photo : Anna Kropekk_plСъемка на смартфон
Съемка на смартфон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әдетте санкцияланбаған аңдудың бірнеше белгісі бар. Мәселен, құрылғы кейде дұрыс қосылмай қалуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Бастапқыда адамды веб-камера арқылы бақылап отырғанын арнайы индикатор көрсететін. Алайда қазіргі уақытта бұл құрылғысыз да аңду жүргізіледі. 

Әдетте санкцияланбаған аңдудың бірнеше белгісі бар.

"Мәселен, құрылғы кейде дұрыс қосылмай қалуы мүмкін. Сондай-ақ, кейде біз орнатпаған бағдарламалар пайда болады. Олар өздігінен веб-камера қосымшасын іске қосады", - деп хабарлайды "Прайм" агенттігі "Цифрлық платформаның" бас директоры Арсений Щельцинге сілтеме жасап.

Ол веб-камера арқылы аңдудың қалай алдын алуға болатынын айтып берді.

Ең алдымен, компьютер веб-камерасының алдында кейін сізге зияны тиетін нәрсе жасауға болмайды. Киім ауыстыратын орында, ванна бөлмесінде телефон қолданбаған жөн.

Бұған қоса, антивирустық бағдарламаларды дер кезінде жаңартып отыру керек.

Сарапшы жақсы қорғалған, жабылатын веб-камера сатып алған дұрыс деп отыр.

Жаңалықтар
0