Қоғам

Зейнетақы жинағын емделуге пайдаланудың шарты қандай – министрлік жауабы

© Photo : Пресс-служба больницы медицинского центра управления делами президента Казахстана В Казахстане проводят работу по обучению лапароскопии
В Казахстане проводят работу по обучению лапароскопии - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жергілікті денсаулық сақтау органдары жанынан зейнетақы төлемдерінің есебінен емделуге жолдама беретін комиссиялар құру жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Парламент мәжілісінде зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға арналған заң жобасы қаралды. Осы орайда депутаттар салымдарды ем-домға жұмсаудың шарттары туралы сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат Василий Олейниктің айтуынша, заң жобасында жергілікті денсаулық сақтау органдары жанынан зейнетақы төлемдерінің есебінен емделуге жолдама беретін комиссиялардың құрылатыны туралы жазылған. Сондай-ақ, комиссиялардың жұмысы облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада ұйымдастырылады делінген. 

"Алайда ондай жүйе бюрократияға алып келуі мүмкін. Мысалы, өтініштерді қарау мен қорытынды беру мерзімі созылуы ықтимал. Бұдан бөлек, көптеген елді мекендер облыс орталықтарынан алыс орналасқан. Ол жерде интернет жоқ. Соның салдарынан құжат тапсыру жағы қиындауы мүмкін. Осы орайда бір сұрақ туындайды. Азаматқа жинақтарды өз денсаулығына жұмсауға мүмкіндік берілсе, неге ол шешімді комиссия қабылдайды?", - деді Олейник. 

Осы сұраққа денсаулық сақтау вице-министрі Әсем Нүсіпова жауап берді. Оның сөзіне қарағанда, комиссияға қатысты норма бар. Бірақ заң жобасы аясында оны өзгерту жоспарланып отыр. 

"Біз арнайы норманы әзірлеп жатырмыз. Оған сәйкес, облыстық әкімдік жанындағы комиссия емес, медициналық ұйымның жанындағы комиссия шешім шығарып, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін емделу үшін пайдалануға рұқсат береді. Сондықтан біз осы өзгерісті толығымен қолдаймыз", - деп атап көрсетті Нүсіпова.   

Айта кетейік, бүгін мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Осы құжатта біраз мәселелер қамтылған. Соның ішінде зейнетақы жинақтарын пайдалану тетіктері де бар.

Жаңалықтар
0