Қоғам

Вирус жұқтырғандар көбейіп жатыр: Нұр-Сұлтанның бас санитары үндеу жасады

© AFP 2024 / MARVIN RECINOSҚорғаныш маскасы мен көзілдірігін киген жастар
Қорғаныш маскасы мен көзілдірігін киген жастар  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінде жедел жәрдем қызметіне күніне 1561 қоңырау түседі, оның ішінде орта есеппен 14-і коронавирус бойынша шақырылады

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Елордада қазан айының басынан бері коронавирус жұқтырғандардың артқаны байқалады. Соңғы аптада COVID-19 жұқтыру 1,3 есе немесе 27%-ке өсті. Бұл туралы Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева мәлімдеді.

Қала әкімдігінің ақпаратынша, соңғы жеті күнде репродуктивті сан бірліктен асып, бүгінде 1,12-ні құрады.

"4 қарашадағы жағдай бойынша астанада коронавирус инфекциясын 14 709 адам жұқтырды. Олардың 9030-ы – симптомды, 5679-ы – симптомсыз. Қаланың сырқаттанушылық көрсеткіші орташа республикалық көрсеткіштен 2,1 есе жоғары және 100 мың тұрғынға шаққанда 1273-ті құрады", - деді Пірәлиева.

Ал COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдыққандар саны қазіргі таңда 596 адамға жетті. Соңғы бес аптада күніне 5 жағдай тіркелуде.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың айтуынша, бүгінде Нұр-Сұлтанда 1020 төсек-орны бар жеті аурухана жұмыс істеп тұр. Оларда коронавируспен 85 және пневмониямен 29 науқас жатыр.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның тағы бір облысында блок бекеттер қойылады

Жедел жәрдем қызметі күніне 1561 қоңырау қабылдайды. Оның ішінде орта есеппен 14-і коронавирус бойынша түседі.

Әкімдіктің мәліметінше, елордада КВИ бойынша биоматериалдар сынамасын алуға арналған 15 зертхана бар.

Стационарлар жасанды тыныс алдырту аппараттарымен, 19 компьютерлік томографпен, 27 рентген аппаратымен, 500-ден астам оттегі концентраторымен және 1584 оттегі нүктесімен толық жабдықталған.

Сонымен қатар, қосымша үш оттегі резервуары, 601 флуометр, 500 көпфункционалды медициналық төсек-орын, 2 жылжымалы рентген кешені, 6 рентген аппараты сатып алынды.

Жаңалықтар
0