Қоғам

Тоқаевтың баспасөз хатшысы президенттің жарлығына түсініктеме берді

© Sputnik / Владислав ВодневРезиденция президента Казахстана Акорда
Резиденция президента Казахстана Акорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президенттің баспасөз хатшысы Тоқаевтың Қазақстан ТМД-ның азаматтықты алудың жеңілдетілген тәртібі туралы конвенциясына қосылмайтындығы туралы жарлығына түсініктеме берді

НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша - Sputnik. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан Республикасының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер азаматтарының азаматтық алуының жеңілдетілген тәртібі туралы 1996 жылдың 19 қаңтардағы конвенциясына қатыспау туралы" жарлығын түсіндірді.

"Маған БАҚ өкілдерінен президенттің жарлығына түсініктеме беру туралы өтініштер түсіп жатыр", - деді Уәли.

Мемлекет басшысы бұл жарлығымен Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне ТМД-ның атқару комитетіне Қазақстан Республикасының аталған конвенцияға қатыспау ниеті туралы хабарлауды тапсырды.

Уәлидің айтуынша, Қазақстан конвенцияны ратификацияламаған және ол күшіне енбеген. Бұған дейін 2003 жылы Ресей ТМД-ның атқару комитетіне конвенцияға қатыспау туралы ниетін білдірген еді. Қазақстан үшін де конвенцияға қатысу қажеттілігі туындап отырған жоқ.

Баспасөз хатшысы 1999 жылдың 26 ақпанында Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібі туралы келісімге қол қойғанын еске салды, ол Қазақстанда 1999 жылдың 30 желтоқсанында заңмен ратификацияланып, 2000 жылдың 4 қарашасында күшіне енді.

Оқи отырыңыз: Тоқаев жаңа жарлыққа қол қойды

Қазіргі уақытта бұл келісім қатысушы елдер (Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей) арасында жеңілдетілген режиммен азаматтық алуға және азаматтықтан шығуға байланысты мәселелерді реттейді.

Осылайша, жарлыққа қол қою қатысушы елдердің азаматтығын алу немесе одан бас тарту режиміне еш әсер етпейді, деп мәлімдеді Уәли.

Жаңалықтар
0