Қоғам

Министр Цой Маңғыстау облысының жабық ұжымдарына қатысты мәлімдеме жасады

© Photo : Пресс-служба министерства здравоохранения КазахстанаГлава Минздрава Алексей Цой оценил готовность медучреждений Мангистауской области ко второй волне коронавируса
Глава Минздрава Алексей Цой оценил готовность медучреждений Мангистауской области ко второй волне коронавируса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақты, дегенмен министр облыста жұмыс істейтін жабық ұжымдарда вирустың таралуын бақылауға алудың маңызды екенін еске салды  

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Маңғыстау облысындағы эпидемиологиялық жағдаймен танысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министрдің айтуынша, өңірде эпидемиологиялық ахуал соңғы 6 күнде тұрақтанған, 2020 жылдың 31 қазанынан бастап 7 қарашаға дейін COVID-19 тіркелген жоқ. Өткен айдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында облыс "жасыл" аймаққа кірген.  

"Алайда коронавирус инфекциясының бірінші толқынында жабық ұжымдардағы инфекция ошақтары алаңдаушылық туғызды. Наурыз айынан бері "Маңғыстаумұнайгазда" 64 адам, "Қаражанбасмұнай Газ" АҚ-да 396 адам, "Buzachi Operating LTD" компаниясында 92 адам инфекция жұқтырған. Осыған байланысты Цой вирустың таралуын бақылауға алуды және барлық қажетті эпидемияға қарсы шараларды өткізуді тапсырды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұдан кейін Алексей Цой 200 төсек орынға лайықталған жаңа модульді инфекциялық аурухананың жұмысымен танысты, оның 20-сы реанимациялық төсек. Нысанның басты ерекшелігі – ауа реттегіштігінде, яғни ауаны тазалап отыратын арнайы қондырғылармен қамтылған.

Шығыс Қазақстанда індет өршіп тұр: премьер-министр тапсырма берді

Маңғыстау облысында коронавирусты анықтау үшін ПТР тест алатын 6 зертхана бар. Бүгінгі күні облыста 105 693 ПТР-тест жасалған. Талдау орталықтары күніне 4 300 тест ала алады.

Өткен тәулікте, 7 қарашада Қазақстанда 723 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Маңғыстау облысында індетті үш адам жұқтырған.

Жаңалықтар
0