Қоғам

Бір тәулікте коронавирустан тағы алты адам қайтыс болды

© AP Photo / Armando FrancaАурухана палатасы, науқас
Аурухана палатасы, науқас - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір коронавирустан жеті мыңнан астам адам емделіп жатыр, олардың арасында 375 бала бар. Екі жүзге жуық науқастың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша – Sputnik. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясынан алты қазақстандық көз жұмды. Пневмониядан қайтыс болғандар тіркелген жоқ, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Бір тәулікте республикада 610 адамнан коронавирус диагнозы расталып, 6 адам қайтыс болды.

46 адам COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдықты, қайтыс болғандар тіркелген жоқ.

Министрліктің ақпаратынша, қазір коронавирус инфекциясынан 7 030 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 375 бала бар. Стационарларда 2 813 науқас жатыр. 4 217 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда індетке шалдыққандарға қатысты соңғы мәлімет жарияланды

Дәрігерлердің айтуынша, 190 науқастың жағдайы ауыр. Соның ішінде 20 пациент хәл үстінде жатыр. 27 адам жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Жалпы республикада 13 наурыздан бері 116 772 адам коронавирус жұқтырды, соның 1 899-ы қайтыс болды.

Ал 1 тамыздан бері 39 104 адам пневмониямен ауырды, 409 науқас көз жұмды.

Жаңалықтар
0