Қоғам

Тоқаевқа жаңа әліпбидің жетілдірілген жобасы ұсынылды

© Photo : Facebook / Берік УәлиПрезидент Касым-Жомарт Токаев обсудил вопросы перехода на латиницу
Президент Касым-Жомарт Токаев обсудил вопросы перехода на латиницу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Негізінде, бұл графика жас ұрпаққа арналған деп айтуға болады. Оның игілігін, ең алдымен, солар көруі керек, деді президент

НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша – Sputnik. Жаңа әліпбиге көшу үрдісі жоспарлы түрде, біртіндеп іске асырылуы қажет, деді Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі бойынша өткен кеңесте.

"Негізінде, бұл графика жас ұрпаққа арналған деп айтуға болады. Оның игілігін, ең алдымен, солар көруі керек. Сондықтан, бұл үрдіс жоспарлы түрде, біртіндеп іске асырылуы қажет"– деді президент.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы қаржы мәселесін де ескеру керектігін айтты.

"Жаңа әліпби бастамасы – бұл күрделі әрі шетін мәселе екенін ұмытпаған жөн. Жаңа графиканы енгізу бір күнде я болмаса, тіпті, бір жылда іске аса қоятын жұмыс емес. Әйтпесе, асығыстық бүкіл мәдениетімізге және тарихи болмысымызға зиян келтіруі мүмкін. Мәселе – кириллицадан латын әліпбиіне аударуда емес, бұл қазақ тілінің ауқымды реформасы деген сөз",- деді ол.

Жиында мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, лингвист-ғалымдар мен сарапшылардың қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстарының нәтижесі бойынша баяндама жасады.  

Ақтоты Райымқұлова ғылыми тұрғыдан зерделенген әліпби жобасын ұсынды. Жетілдірілген әліпби халқымыздың жазу дәстүрінде орныққан "бір дыбыс – бір әріп" принципіне толық сәйкес келеді, диграфтар, яғни бір дыбысты екі немесе одан көп таңбамен белгілеу принципі қолданылмайды. Бұл әліпби жобасында қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған.

© Photo : Facebook / Берік УәлиЖетілдірілген әліпби "бір дыбыс – бір әріп" принципіне толық сәйкес келеді
Тоқаевқа жаңа әліпбидің жетілдірілген жобасы ұсынылды - Sputnik Қазақстан
Жетілдірілген әліпби "бір дыбыс – бір әріп" принципіне толық сәйкес келеді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа әліпбидің мектептер мен білім беру ұйымдарына жүйелі түрде енгізудің алдын ала дайындық кезеңдері, ұстаздарды, оқулықтарды даярлау мен әдістемелік құралдарды жаңарту мәселесі бойынша ақпарат берді. Оның айтуынша, барлық шаралар кешенді түрде кезең-кезеңімен, алдын ала толық дайындық жүргізілгеннен кейін ұйымдастырылатын болады.   

Мемлекет басшысы кеңесте қаралған мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, әліпби жобасы ғалымдармен бірге толық зерделеніп, үкімет жанындағы қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның кезекті отырысының қарауына енгізуді тапсырды.

Аталған комиссия отырысының қорытындысы шыққаннан кейін үкімет жетілдірілген әліпбиді бекіту туралы жарлық жобасын президент әкімшілігіне енгізуі тиіс.

Жаңалықтар
0