Жүргізуші куәлігі, архивтегі фото

Көлік салығын төлеу мерзімі ауысуы мүмкін

238
(Жаңартылды 12:36 12.11.2020)
Салық төлеушілерге қолайлы болу мақсатында көлік салығын төлеу мерзімін осы жылдың 31 желтоқсанынан келесі жылдың 1 сәуіріне ауыстыру ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Үкімет жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін көлік салығын төлеу мерзімін осы жылдың 31 желтоқсанынан келесі жылдың 1 сәуіріне ауыстыруды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенатта "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. 

Заң жобасы көлік салығын төлеу мерзімін ауыстыруды көздейді.

"Салық төлеушілерге қолайлы болу мақсатында көлік салығын төлеу мерзімін осы жылдың 31 желтоқсанынан келесі жылдың 1 сәуіріне ауыстыру ұсынылады", - деді ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Сондай-ақ, жеке тұлғалардың мүлкі мен жерге салынатын салықтарды бір салыққа біріктіру қарастырылып отыр.  Яғни, екі салық бірыңғай төлеммен төленеді. Бұл түбіртектерді толтыру және банк комиссияларын төлеу бойынша шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Министр қанша қазақстандық жер салығынан босатылатынын айтты

Бұдан бөлек, көппәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелері үшін жер салығы алынып тасталады.

Жалпы заң жобасы салық салу базасын кеңейтуді, инвестиция тартуды ынталандыруды, бизнес ортаны дамытуды, салықтық әкімшілендіруді жақсартуды көздейді.

238
Кілт сөздер:
көлік салығы
Тақырып бойынша
Ауылда әр отбасының мойнында 900 мың теңге кредит бар – ҰКП төрағасы
Парламентте қазақстандықтардың кредитін кешіру мәселесі көтерілді
Мемлекеттік кірістер комитеті салық рақымшылығын пайдаланып қалуға шақырды
Мемлекеттік кірістер комитеті өткен жылдың көлік салығы неге есептелгенін түсіндірді
солдат

Отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов өмірден озды

118
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштердің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. 64 жасына қараған шағында отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Генерал-лейтенант в отставке Курбан Каражанов
© Photo : министерство обороны Республики Казахстан
Құрбан Қаражанов

Құрбан Қаражановтың 31 шілдеде қайтыс болғаны хабарланды.

"Генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов абыройлы, ерік-жігері мықты, нағыз патриот болатын. Ол ұдайы күрделі қызметтерді атқарды. Бүкіл ғұмырын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арнады", - делінген хабарламада.

Генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітірген. Әскери мансабын 1979 жылы мотоатқыштар взводының командирі қызметінен бастады.

Қазақстан армиясы құрылған сәттен бастап әр жылдары еліміздің қарулы күштерінде жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі "Данқ" орденімен марапатталған.

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштерінің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

118
QazVac вакцинасы

Бас санитар дәрігер QazVac вакцинасына қатысты қаулыға қол қойды

62
(Жаңартылды 20:06 31.07.2021)
Енді QazVac вакцинасының құтысы үш немесе бес адам екпе алуға ниет еткенде ашылады, бұл вакцинаны сақтау талабын орындау үшін қажет

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов қаулы шығарып, QazCovid-in (QazVac) вакцинасын шығару формасын өзгертті.

"QazCovid-in вакцинасын шығару формасы: 0,5 мл (бір доза), 1,0 мл (екі доза), 1,5 мл (үш доза), 2,5 мл (бес доза), сыйымдылығы 3 мл, резеңке тығынмен тығындалған және Flip-off типті пластикалық қақпағы бар металл қалпақпен оралған, Ι класты түссіз шыныдан жасалған құтыға құйылады", - делінген бас санитар дәрігердің қаулысында.

Денсаулық министрлігінің ақпаратына сүйенсек, вакцинаның ашық құтысы асептика жағдайының бұзылу қаупіне байланысты ашылғаннан кейін сақталмайды және бірден пайдаланылады. Сондықтан вакцинаның құйылуын барынша азайту үшін 3 немесе 5 адам болғанда ғана көп дозалы құтыны ашу ұсынылып отыр.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі вакцинаны сақтау тәртібінің бұзылмауын бақылауды күшейткені хабарланды.

Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы екі түрлі вакцина салдыруға бола ма

 

62
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина