Қоғам

Ағаділдің ұлын өлтірді деген күдікті оқиғаның қалай болғанын айтты – видео

© Sputnik / Абзал КалиевОграбление, иллюстративное фото
Ограбление, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
10 қараша күні сағат кешкі он жарым кезінде астананың Көктал шағын ауданындағы Болашақ көшесінде жаппай төбелес болды. 17 жастағы Жанболат Ағаділді пышақтап кетті

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша — Sputnik. Желіде қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің ұлы - Жанболат Ағаділді өлтірді деген күдіктінің видеосы тарады. Ол марқұмның жақындарынан кешірім сұрады.

 

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, видеода 1999 жылы туған Өміржан Рахмет. Бұған дейін әлеуметтік желілерде оның суреті пайда болған еді. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті бұл ақпаратты растамады. Алайда жоққа шығармады.

Оның түсініктемесіне қарағанда, видеоролик 11 қарашада түсірілген болуы мүмкін.

"Осыдан бір жыл бұрын ата-анаммен бірге Астанаға (Нұр-Сұлтан) жұмысқа келдім. Кеше (10 қараша) досым өзімен бірге бір іске баруымды өтінді. Мен келістім. Біреуді ұрып, өлтіремін деген ниет болған жоқ", - деді видеодағы жігіт.

Бірақ ол өзімен бірге пышақ ала барғанын жасырмады. Оқиға орнына жеткен кезде төбелес басталып кеткен.

"Оның Жанболат Ағаділ екені қазір мәлім болып жатыр. Ол балаларды танымаймын, қасым емес. Байқаусызда қашып бара жатып, пышақ тықтым", - деді күдікті.

Ол марқұмның жақындарынан кешірім сұрады.

Sputnik Қазақстан редакциясы ресми түсініктеме алу үшін Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне хабарласты.

Сәрсенбі, 12 қарашада брифинг кезінде ІІМ тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов төбелеске қатысушылардың бәрі анықталып, ұсталғанын хабарлаған болатын. Күдіктің кінәсі дәлелгенін мәлімдеді.

Жанболат Ағаділ өлімі

10 қараша күні сағат 22:56-да полицияға Нұр-Сұлтан қаласының Көктал шағын ауданындағы Болашақ көшесінде жаппай төбелес басталғаны туралы хабар түскен. Төбелес кезінде екі адам жарақат алды. Біреуі қоғам белсендісі марқұм Дулат Ағаділдің 17 жастағы ұлы – Жанболат Ағаділ болып шықты.

Заңға сәйкес, адам өлтіру бабы бойынша 15-20 жыл немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал бұзақылық бойынша 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

Жаңалықтар
0