Қоғам

COVID-19: Тоқаевтан соңғы рет ескерту алған әкім өңірдегі жағдайды баяндады

© Sputnik / Тимур БатыршинНовую быстровозводимую модульную больницу для зараженных коронавирусом пациентов открыли в южной столице
Новую быстровозводимую модульную больницу для зараженных коронавирусом пациентов открыли в южной столице - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атырау облысында жағдай тұрақты. Инфекциялық ауруханалардағы орындардың 9 проценті толған. 46 науқас ем-дом алып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша – Sputnik. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов коронавирустың екінші толқынына дайындық шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

"Бүгінде Атырау облысында жағдай тұрақты. Инфекциялық ауруханалардағы орындардың 9 проценті толған. 46 науқас ем-дом алып жатыр. Олардың ішінде екі адам – жан сақтау бөлімінде", - деді Досмұхамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.  

Әкімнің айтуынша, коронавирустың ықтимал екінші толқынына дайындық шаралары аясында 12 стационар дайындалған. Оған барлығы 2 080 науқасты жатқызуға болады. Соның ішінде 120 реанимациялық орын бар.

"Атырау қаласында модульді инфекциялық аурухананың құрылысы аяқталды. Онда 200 төсек-орын бар. Жыл соңына дейін тура сондай сыйымдылықтағы модульді стационар Құлсары қаласында салынады", - деп атап өтті Досмұхамбетов.

Қазіргі кезде облыс бойынша 4 магнитті-резонансты томография аппараты, 12 компьютерлік томография аппараты, 27 рентген, 667 оттегі концентраты мен 258 жасанды тыныс алдыру аппараты жұмыс істеп тұр. Жыл соңына дейін тағы 51 жасанды тыныс алдыру құрылғысы жеткізіледі.

"Бұдан бөлек, 8 оттегі станциясын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның ішінде 7 станция осы айда аяқталады. Біреуі жылдың соңына дейін тапсырылады. Облыста 93 жедел жәрдем көлігі бар. Соның 46-сы биыл сатып алынды. Бұдан бөлек, қазан айында 5 жылжымалы медициналық кешен жеткізілді. Олар ауылды жерлерде жұмыс істейді", - дейді Досмұхамбетов. 

Оқи отырыңыз: Коронавирустың "қызыл" аймағына тағы екі облыс кірді 

Барлық емхана мен ауруханада дәрі-дәрмектің екі айлық қоры әзірленді. Ал облыс әкімідігі тарапынан бөлінген 715 миллион теңгеге медициналық препараттар сатып алынып, аудандардағы дәріханаларға жеткізілді. 9 ПТР-зертхана жұмыс істеп тұр.

Айта кетейік, биыл шілде айында Атырау облысы коронавирусты жұқтырғандардың саны жағынан көш бастап тұрды. Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне сөгіс жариялп, соңғы ескерту жасап отырғанын айтты. Сол кезде аймақта вирус жұқтырғандардың саны 7393 адамға дейін жеткен. Осы уақытқа дейін Атырау облысында 11 397 науқас тіркелген.

Жаңалықтар
0