Оқулық, иллюстративті фото

"Әліппе" әріп пен дыбысқа қалай үйретеді?

453
(Жаңартылды 16:13 14.11.2020)
Балалардың күнделікті өмірде қолданатын сөздерін ғалымдардың зерделеп, соған қарай әріптерді оқыту реттілігін жасауы – Ахмет Байтұрсынұлының жүйесіне ұқсас болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша – Sputnik. Жаңа жылдан бастап мектеп оқушылары "Әліппені" оқып көреді. Әзірше, оны бірнеше мектепте сынақтан өткізеді. Ал келесі оқу жылында барлық оқушы көптен бері күткен кітабын қолға алады. Sputnik Қазақстан тілшісі жаңадан құрастырылған "Әліппенің" негізгі ерекшеліктерін зерделеп шықты.

Әліппені қалай алып тастады?

Осыдан бес жыл бұрын елімізде "100 нақты қадам" ұлт жоспары қабылданған болатын. Оған сәйкес, 2016-2017 оқу жылынан бастап жаңартылған білім мазмұнына көшу жұмыстары басталды. Сол кездегі реформа "Әліппені" де айналып өтпеді. Оның орнына "Сауат ашу" оқулығы енгізілді. Оған қоса, бастауыш сыныптарға ағылшын тілін оқытамыз деді. Жаңа кітаптар қосылды. Соның нәтижесінде оқушылардың сөмкесі ауырлай түсті. Бұның барлығы халықтың шамына тиді. 

Әсіресе, бір ғасырдан астам уақыт бойы мектептің бойтұмары болған "Әліппені" алып тастауына қатысты наразылық күшейді. Министрлікке  талай рет сұрақ қойылды. Бірақ шенеуніктер "Әліппе" де, "Сауат ашу" да жазуға, оқуға үйретеді, айырмашылығы жоқ" деп қысқа ғана қайырып отырды. Содан үкімет пен парламентке арыз-шағымдар көп түсе бастады. Депутаттық сауалдар жолданды. Ал бір топ қоғам белсенділері сол кездегі білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті орнынан алып тастауды талап етті. Артынан Сағадиев мырза "Әліппенің" қайтарылатынын мәлімдеді. Бірақ оны мектепке дейінгі даярлық сатысында, яғни, 0-ші сыныптарда оқытуға шешім қабылданды. Ал бірінші сыныпта "Сауат ашудың" орнына "Ана тілі" оқытылады деген.

Әліппенің қайта оралуы

Ерлан Сағадиевтен кейін министр қызметіне келген Күләш Шәмшидинова "Әліппенің" 2020 жылдан бастап бірінші сыныптарда енгзілетінін айтқан. Алайда ол осы қызметте небәрі төрт ай отырды. Оның орнына Асхат Аймағамбетов келгеннен кейін жоспар өзгерді ме, "Әліппені" қайтару жұмысы тағы бір жылға шегерілді.

Осы айдың басында білім және ғылым министрлігі жаңадан құрастырылған "Әліппе" оқулығының бекітілгенін жариялады.

"Бүгінде "Әліппе" оқу бағдарламасын жасау жұмысы аяқталып бекітілді. Жұмыс тобы ауқымды жобаны ойдағыдай жүзеге асырып шықты. 20-дан артық отырыс өтті. "Әліппе" оқулығының ғылыми негізіне және практикалық қолданысына байланысты бірнеше ұсыныс түскен. Соның барлығы зерделенді", – деді вице-министр Шолпан Каринова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, жылдың аяғына дейін оқулықтың алғашқа партиясы шығарылады. Ал 2021 жылдың қаңтар айында оны апробациядан өткізеді. Ол үшін пилоттық мектептердің тізімі бекітілді.

"Осылайша, сараптамадан өткен оқулықтар жаңа оқу жылында мектептерге енгізілетін болады. Жалпы, "Әліппе" оқулығын 2021-2022 оқу жылында енгізу жоспарланған", – деп атап өтті Каринова.

Қазіргі жоспарға сәйкес, "Әліппеге" 96-98 сағат беріледі. Оқушылар оны жарты жыл, яғни, үшінші тоқсанға дейін оқиды. Одан кейін "Ана тілі" оқулығы бойынша білім алады.  

Әліппе латын графикасымен шыға ма?

Жақында президентке латын графикасына негізделген жаңа әліпбидің тағы бір нұсқасы таныстырылды. Ол – бұған дейін бекітілген нұсқаның жетілдірілген жобасы.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, осы әліпби халқымыздың жазу дәстүрінде орныққан "бір дыбыс – бір әріп" принципіне толық сәйкес келеді. Онда диграфтар, яғни бір дыбысты екі немесе одан көп таңбамен белгілеу принципі қолданылмайды. Жобада қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған. Алайда оны әлі ұлттық комиссияның қарауына шығару қажет. Содан кейін ғана үкімет жетілдірілген әліпбиді бекіту туралы жарлықтың жобасын президент әкімшілігіне енгізуі тиіс. Әрине, оған уақыт қажет. Содан болар, "Әліппе" оқулығын алдымен кириллицамен шығаруға шешім қабылданды. Дегенмен, латын графикасымен жасалған жобасы да бар екен. 

"Қазір біз кириллица әліпбиіне негізделген әріптерді пайдаланатын болғандықтан, сол 42 әріпке негізделген "Әліппенің" оқу бағдарламасы дайындалды. Бірақ алдымызда латын графикасына көшу мақсаты тұр. Олай болған жағдайда біз ол бағдарламаны латын әліпбиіне ауыстырамыз. Ол қатар жасалды, бағарламаның жобасы бар", – дейді оқулық әзірлеген мамандардың бірі Манара Адамова.

Әліппеге дейінгі дайындық кезеңі не үшін керек?

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесіне негізделген "Әліппенің" негізгі мақсаты өзгермеген. Ол – баланы оқуға және жазуға үйрету. Ал жаңа бағдарламаға сәйкес, "Әліппеге" дейінгі дайындық кезеңі де болады.

Абай атындағы ҚазҰПУ кафедра меңгерушісі Азия Жұмабаеваның айтуынша, "Әліппеге" дейінгі кезеңде дыбыспен жаттығу шаралары қарастырылған. Осы жұмыстың маңыздылығын Ахмет Байтұрсынұлы да айтып кеткен.

"Ахмет Байтұрсынұлы балаларға әріптерді көрсетпей тұрып, дыбыспен жаттықтыру қажет дейді. Себебі оқуға келген балалар сөйлеуді білгенімен сөздің дыбыстан тұратынын білмейді. Ал дыбыстарды білмей тұрып, оқу-жазуға үйрету қиын", – дейді Жұмабаева.

Ғалымдар балалардың күнделікті өмірде қолданатын сөздерін де зерделеп шықты. Соған қарай әріптерді оқыту реттілігін жасады. Ол да Ахмет Байтұрсынұлының жүйесіне ұқсас болып шықты. Осыдан кейін ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, әріптерді үйрету жолдары пысықталды. Халық ауыз әдебиеті мен көркем әдебиеттің ұтымды мәтіндері таңдалды.

Оқи отырыңыз: Әліппе латын қарпімен жазылады – білім министрлігі

Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжановтың сөзіне қарағанда, осы уақытқа дейін "Әліппе" ауыл балаларына лайықталып жасалған. Ал қазіргі кезде қаладағы қазақ мектептерінің сұранысын да ескеру керек.

"Осы тұрғыда қаланың баласына ұлттық әліпбиімізді қалай үйретеміз деген мәселе туындайды. Сондықтан балалар әдебиетін пайдаланғанда архаизмге тым беріліп кетуге болмайды. Қазіргі балалардың талғамымен, қазіргі балаларың ұғым-түсінігімен санасуға тура келеді. Сол себепті әлемдік әдебиеттің жаңа үлгілерін де пайдалану керек. Бұның барлығы жаңа бағдарламада ескерілді", – дейді Матыжанов.

453
Кілт сөздер:
білім беру, әліппе
Тақырып бойынша
Оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді – білім министрлігі
"Балаларды алып кету керек": Білім министрлігі биылғы өзгерістерді жариялады
Тынышбаев академиясы білім министрлігі заңға қайшы әрекет еткенін мәлімдеді
Министр мектептерде "Әліппе" қай кезден бастап оқытылатынын айтты
Білім министрлігі "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімін жариялады
коронавирус, медбике

Ғалым коронавирус инфекциясын неге барлық адам жұқтырмайтынын түсіндірді

2054
"Қызыл аймақта" бірнеше ай бойы жұмыс істеп жүрген кейбір дәрігерлердің вирус жұқтырмайтыны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Коронавирустан қорғануға тек антиденелер ғана көмектеспейді, деп мәлімдеді микробиолог Сергей Иванов "МК" газетіне берген сұхбатында.

Ғалымның айтуынша, кейбір адамдар коронавируспен ауырғандармен жақын қарым-қатынаста болса да, инфекция жұқтырмайды.

"Осындай жағдайлар болды. Олардың ағзасы бұл коронавирусты қабылдамайды", - деді Иванов.

Пастер атындағы эпидемиология және микробиология институтының ғалымдары осындай қорытындыға келген.

"Ғалымдар "қызыл аймақта" бірнеше ай бойы жұмыс істеп жүрген кейбір дәрігерлердің вирус жұқтырмайтынын байқаған", - дейді маман.

Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемді қыспағына алды. 60 миллионнан астам адам вирус жұқтырса, оның 1,4 миллионнан астамы қайтыс болды. Коронавируспен ауырғандар саны бойынша АҚШ, Үндістан және Бразилия көш бастап тұр.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар организмдегі коронавирусты 5 минуттың ішінде өлтіретін өнімді атады

Қазақстанда соңғы мәліметтер бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 130 865 адамға жетті. Коронавирустық пневмониямен ауырғандар саны – 42 104. Қайтыс болғандар – 2 470.

2054
Кілт сөздер:
ғалым, коронавирус
аурухана, коронавирус

Денсаулық министрлігі өткен тәулікте қанша адамның қайтыс болғанын жариялады

2953
(Жаңартылды 11:36 29.11.2020)
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 12 651 адам ем қабылдауды жалғастыруда, оның ішінде 214 адамның жағдайы нашар

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 10 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Коронавирус инфекциясынан жеті адам, коронавирустық пневмониядан үш адам көз жұмған.

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 12 651 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 895 бала бар. Стационарларда 3 392 науқас жатыр.  9 259 адам амбулаториялық жағдайда емделуде", - деп хабарлады министрлік.

Науқастардың арасында 214 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 32 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 32 адам жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Өткен тәулікте 826 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталды.

Жалпы, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 130 865 адамға жетті.

Оның ішінде:

  • Шығыс Қазақстан облысында - 16191 (+135),
  • Алматы қаласында - 16033(+73),
  • Нұр-Сұлтан қаласында -15989(+83),
  • Атырау облысында - 11616(+18),
  • Қарағанды облысында - 11077(+25),
  • Батыс Қазақстан облысында - 7994(+39),
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 6291(+105),
  • Павлодар облысында - 6254(+120),
  • Алматы облысында - 5682(+33),
  • Шымкент қаласында -5361(+6),
  • Қостанай облысында - 5212(+85),
  • Ақмола облысында - 5072(+86),
  • Жамбыл облысында - 4411(+14),
  • Ақтөбе облысында -3481(+1),
  • Түркістан облысында - 3477(+2),
  • Маңғыстау облысында - 3434(+0),
  • Қызылорда облысында -3290(+1).
2953
Жамбыл Жабаев

"ХХ ғасыр Гомері" деген бағаға ие болған Жамбыл Жабаев жайлы қызықты деректер

0
Жыр алыбы, ақын, суырыпсалма ақын, қазақ халқының ұлы перзенті Жамбыл Жабаев туралы деректерді Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

Жамбыл Жабаев 1846 жылы 28 ақпанында Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Ұлы жүздің шапырашты тайпасының екей руынан шыққан. Арғы аталары дәулетті болғанымен, Жамбылдың әкесі Жапа шаруа кісі болған. Кей тарихи деректе жыр алыбының әкесі туралы шоқпыт шапанды кедей болған деген сипаттама кездеседі.

"Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей - көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым содан", - дейді Жамбыл ақын.

"Мен киіз үйде өстім. Сол кездегі барлық қазақ балаларындай мені де көшкен кезде бесінмен ала жүрді", дейді ақынның өзі балалық шағы жайлы. Соған қарағанда ақын бала күнінде қоңырқай тірлік кешкен.

Жамбылдың туған нағашысы Жетісу өңіріне танымал әнші болған.

"Жетісудың даңқы асқан биі Бөлтірік Алатаудың баурайындағы ағайынды аралап келген екен. Сонда үлкен сөз өнері ортаға түсіп жатқанда даладан бір бала жүгіріп келген екен. Бірден барып Бөлтіріктің қолын алыпты. Сонда Бөлтірік баланың қолын ұстап тұрып, "атың кім, балам?" депті. "Атым - Жамбыл" деп жауап берген екен. "Атың Жамбыл болса, көкірегің даңғыл болар. Шырғалаңнан сөз келсе, шырқаушының өзі болар екенсің" деген екен", - дейді қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков.

Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен-ақ таныла бастаған. Бозбала шағынан ортасын ән мен жырға кенелтіп, көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылған. Сол кезде көпшіліктің аузынан түспей жүрген Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның батасын алады.

Жамбыл "Шағым", "Жылқышы", "Шәбденге", "Сәт сайланарда", "Өстепкеде", "Патша әмірі тарылды", "Зілді бұйрық" сияқты өлеңінде елдің әлеуметтік саяси өмірін көрсеткен.

Жамбыл Жабаев шығармашылығының шарықтау шегі тоқсан жастан асқан шағына тура келеді. 1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақстанның онкүндігінде шымылдығын Жамбыл ашты. 360 өнерпаз барған бұл мәдениет күндерінде жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың, әнші Күләш Байсейітованың абыройы асқақтады. Жамбыл сол жылы Еңбек Қызыл ту орденімен марапатталды.

"1936 жылдан бастап Жамбылдың аты орыс тілі арқасында шетелге де тарала бастады. Кеңес үкіметі сол кезде 75 жылдық шығармашылық тойын тойламақ болады. Соның қарсаңында үй салып береді", - дейді Жамбыл Жабаев әдеби-мемориалдық мұражай директоры Мәулен Қожашев.

Жамбылдың шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған.

Ақынның "Өтеген батыр", "Сұраншы батыр", "Көрұғлы", "Бақ, дәулет, ақыл" деген дастандары бар.

ХХ ғасыр Гомері

Бірде Жамбылдың ел арасында оның ақындық қабілетіне күмән келтіргісі келетіндер де табылған. Сонда орталық комитет жазушы Леонид Соболевті жағдайдың анық-қанығын білуге Ұзынағашқа жіберген. Жамбылдың жыршылығына таңқалған жазушы үш күн қасында болып, "жиырмасыншы ғасырдың Гомері" деп баға берген.

Жамбыл саналы ғұмырында Құлманбет, Досмағамбет, Сарыбас, Майкөт, Бақтыбай, Бөлтірік, Шашубай ақындармен айтысқан. Соның ішінде Айкүміспен айтысы қыз бен жігіт айтысының жақсы бір көрінісі. Жас күнінде Жамбыл ақын Сара, Айкүміс, Сайқал, Кәмшат қыздармен айтысқан.

Жыр алыбы Жамбыл күйші Дина Нұрпейісовамен де жақын таныс болған. 1936 жылы танысып, таныстық соңы жақсы сыйластыққа ұласқан деген дерек бар.

Ақынның отты жырлары

Ақынның соғыс жылдары отан қорғау тақырыбына арнап жазған өлеңдері үш мың жолды құрайды. Әсіресе, "Ленинградтық өренім", "Москваға", "Майданға хат" сынды өлеңдері бар. Жамбыл ақын өмір мен өлім апралысына түскен Кеңес жауынгерлеріне отты жырлары арқылы жігер беруге тырысты.

Жамбылдың ұлы Алғадай жат елде оққа ұшқан болатын. Ұлының қазасынан кейін "Жамбылдың Алғадайды жоқтауы" деген өлеңі шықты. Кей дерекке сәйкес, Алғадайдан ұрпақ тарап, бүгінде бүтін бір отбасы болып отыр.

Жамбыл өзінің алдындағы аға буын өкілі Сүйінбай ақынды өзіне пір тұтқан. Ал Кенен Әзірбаев Жамбыл Жабаевты тәлімгері деп таныған.

Жамбыл 1945 жылы 22 маусымда Алматы облысының Ұзынағаш елді мекенінде 99 жасында дүниеден өтті.

1946 жылы ақпанда Қазақстан халқы жыр алыбының жүз жылдық мерейтойын тойлады. Сол жылы ақынның таңдамалы шығармаларының академиялық жинағы қазақ және орыс тілінде басылды.

0
Кілт сөздер:
қызықты деректер, Жамбыл Жабаев
Тақырып бойынша
"Өз жаназасын өзі шығарды": Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев туралы деректер
"Көкейімнен кетпейді": ұлттың ұлы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің тілегі
Қазақтың "қазақ" деп атанып жүргені Сәкен Сейфуллиннің арқасы - танымал ақын
Абайдың үш әйелі: ақын сүйіктілеріне не сыйлаған - фото
Абайдың 175 жылдығы: ұлы ақын жайлы фильмдерді қайдан тамашалауға болады