Қоғам

"Фотоға түсіріп, айыппұл салады": әлеуметтік желіде тағы бір жалған ақпарат тарады

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди в масках на улицах Нур-Султана
Люди в масках на улицах Нур-Султана  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Байтанаевтың айтуынша, егер заңбұзушылық анықталған жағдайда, құқықбұзушыдан жазбаша түрде түсініктеме алыну керек

АЛМАТЫ, 16 қараша – Sputnik. Әлеуметтік желіде медициналық бетперде тақпай жүргендерге айыппұл салу туралы тағы бір ақпарат пайда болды. Бұл жолы елді мекендерде жүрген топтар бетперде тақпай жүргендерді фотоға түсіріп, оның жеке тұлғасын анықтайды, сол адамға айыппұл салынғаны туралы хабарлама келеді деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Stopfake.kz сайының хабарлауынша, Қазақстанда мұндай шаралар іске асырылып жатқан жоқ.

Сондай-ақ, тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасының қауіпсіздігін бақылау комитеті айыппұл салудың мұндай схемасы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Полиция қызметкерлерінің бақылау топтарымен бірге ойын-сауық орындарын, кейде көшеде адамдарды тексеретіні рас. Бірақ заңбұзушылық анықталған жағдайда, олар баянат жазып, құқықбұзушыдан жазбаша түрде түсініктеме алуы керек. Содан кейін барлық құжаттар өңірлердегі тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасының қауіпсіздігін бақылау департаментінің қарауына ұсынылады. Содан кейін ғана айыппұл салынады", – түсіндірді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Оның айтуынша, фотосурет бойынша ешкім айыппұл салмайды.

Айта кетейік, карантин талаптарын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 30 АЕК (1 АЕК – 2 778 теңге) мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 230 АЕК, орта кәсіпкерлік үшін 310 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 1 600 АЕК мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған.

Оқи отырыңыз: "Covid-19 жұқтырған дәрігерлерге 900 мың теңге айыппұл салынады" – комитет жауабы

Жаңалықтар
0