Қоғам

Алтынбекова Қуат Хамитовпен қандай қарым-қатынаста екенін айтты

© Photo : Instagram Instagram недели: Сабина Алтынбекова
Instagram недели: Сабина Алтынбекова  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Волейболшы ер адамның бойында қандай қасиетті жоғары бағалайтынын, сонымен қатар Қуат Хамитовпен арасында қандай байланыс бар екенін айтты

АЛМАТЫ, 16 қараша – Sputnik. Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова ММА спортшысы Қуат Хамитовпен қарым-қатынасы туралы жанкүйерлерінің сауалына жауап берді.

Бұған дейін "Найман" лақап атымен танылған Хамитов Сабина Алтынбекованы ұнататынын және оның жүрегін жаулап алғысы келетінін айтты. Алтынбекованы өзінің әйелі ретінде көретінін жасырмады.

"Мен әрқашан Қуатты адалдығы мен турашылдығы және бойындағы қазақ батырының рухы үшін құрметтедім және құрметтеймін. Ол өзінің спорттағы мақсаттарына қол жеткізетініне күмәнім жоқ", - деп жауап берді волейболшы.

Алайда екеуінің арасында қандай қарым-қатынас бар екенін толық айтпады.

Сабина Алтынбекова Instagram желісінде жанкүйерлерінің "Сіз Қуат Хамитовпен кездесесіз бе?" деген сауалына жауап берді.

"Жоқ. Мен Қуатты өмірімде бір рет қана көрдім", - деп жазды ол.

Сонымен қатар бойжеткен өмірде адамның өз таңдауына адал болуы маңызды екенін жазды. Оның басты мақсаты – лайықты өмір сүру.

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова 2014 жылы жастар арасындағы Азия чемпионатынан кейін желіде ең "сымбатты" спортшы ретінде танылды.

Жаңалықтар
0