ақша, теңге

Келесі жылы қазақстандықтарға 42 500 теңге төлене ме - министр жауабы

2957
Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы ақпаратына сәйкес, елімізде індетпен ауырғандардың күндік саны орташа есеппен 600 адамды құрап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша – Sputnik. Сенат депутаттары еңбек министрлігінен 2021 жылы пандемия өршіп, қатаң карантин жарияланған жағдайда табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге төленіп-төленбейтінін сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенатта "2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын талқылау барысында депутат Алтынбек Нұхұлы 42 500 теңге төлеу мәселесін көтерді. 

Оқи отырыңыз: Елімізде тағы 100 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден алды

Ол пандемия кезінде уақытша жұмысын тоқтатып, табысынан айырылған 4 миллион 600 мың қазақстандыққа Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 476 миллиард теңге қаржылай көмек берілгенін еске салды.

"Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы ақпаратына сәйкес, елімізде індетпен ауырғандардың күндік саны орташа есеппен 600 адамды құрап отыр. Бұл алаңдатарлық жағдай. Келесі 2021 жылы елімізде коронавирус індеті тұрақтанбайтын болса, уақытша жұмысын тоқтатып, табысынан айырылған азаматтарды қолдау механизмдері қандай болмақ. Қаралып отырған заң жобасында бұл мақсаттарға қаражат қарастырылмаған. Осыған байланысты біржолғы әлеуметтік төлем мөлшерінің  42 500 теңге екенін ескеріп, Мемлекеттік әлеуметік сақтандыру қорының мүміндіктері қандай?", - деп сұрады Нұхұлы. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, бүгінде Мемлекеттік әлеуметік сақтандыру қорының инвестициялық портфелінде 1,1 триллион теңге көлемінде актив бар. Актуарлық бағалау бойынша қордың қаржылық жағдайы 2039 жылға дейін орнықты болады.

"Пандемияның күрделенуіне қатысты ел президенті індетті осы көктемдегідей қатаң карантинге жеткізбей тежеуді тапсырғанын білесіздер. Өз кезегінде экономикалық жағдай нашарлаған жағдайда үкіметтің, ұлттық банктің және қаржы нарығын реттеу агенттігінің бірлесіп бекіткен іс-қимыл жоспары бар. Сол жоспар аясында жұмыспен қамту шаралары және халықты әлеуметтік қолдау шаралары да қарастырылған", - деп сендірді министр.

Айта кетсек, сенат депутаттары алдағы үш жылға арналған бюджет туралы заң жобасына бірқатар түзету енгізіп, мәжіліске жіберді.

2957
Кілт сөздер:
теңге
  Электронды үкімет мобильді қосымшасы

Электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз пайдалану фактілері  жиіледі

22
Электронды цифрлық қолтаңба қолмен қойылған қолтаңбаға теңестірілген және заңдық тұрғыда салдары онымен бірдей болады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Қазақстанда электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) заңсыз пайдалану фактілері  жиілеп кетті, деп хабарлады цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

2015-2018 жылдар аралығында 640-бабы "Қазақстан Республикасының электронды құжаттар және электронды цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзу" бойынша 15 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. 2019 жылы мұндай істердің саны күрт өсті – 52 іс қозғалды.  

Оқи отырыңыз: Енді электронды цифрлық қолтаңбаны компьютерде сақтау қажет емес 

"Осы жылдың 9 айында электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз берудің 30-дан астам фактісі және оны қорғау шараларын сақтамаудың бестен астам жағдайы анықталды. Бұл фактілер бойынша 10-нан 150 АЕК-ке (27 780-нен 416 700 теңгеге дейін – Sputnik) дейін айыппұл салынды", - деп нақтылады ведомство.

Соңғы кездері министрлікке жеке тұлғалардан және лауазымды адамдардан электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз беруге қатысты көптеген шағым түсіп жатыр.

"Электронды цифрлық қолтаңба қолмен қойылған қолтаңбаға теңестірілгенін және заңдық тұрғыда салдары онымен бірдей болатынын ұмытпау керек", - деп атап өтті ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов.

Өткен кезеңмен салыстырғанда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары өздерінің ЭЦҚ-сын басқа қызметкерлерге беру жағдайлары, сондай-ақ жұмыс берушілер жұмыстан шығып кеткен қызметкерлердің ЭЦҚ-сын қайтарып алмайтын жағдайлар көбейді. Мұндай әрекеттер электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз қолдануға жол ашады, ал ол әкімшілік және тіпті қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырады.

ЭЦҚ-ны қалай қорғауға болады

Өзіңді қорғау және алаяқтықтың құрбаны немесе керісінше заң бұзушы атанбау үшін министрлік мынадай кеңес береді:

  • ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға беруге болмайды. Ұйымдарда құжаттарға қол қоюға жауапты қызметкерлерге жеке ЭСҚ беру керек;     
  • ЭСҚ-сы бар қызметкерлерді жұмыстан шығару фактілерін қадағалап, олардың ЭСҚ-сын дер кезінде қайтарып алған жөн;
  • ЭСҚ жоғалған жағдайда бұрынғысынан бас тарту арқылы дереу қайта шығарып, стандартты парольді күрделілеуіне ауыстыру қажет.

Айта кетейік, электронды цифрлық қолтаңбаны үйден шықпай-ақ алуға болады.  

22
Кілт сөздер:
электронды үкімет порталы, қолтаңба
Тақырып бойынша
Қазақстан премьері ЕАЭО үшін маңызды ұсыныс жасады
Электронды цифрлық қолтаңбаның мерзімін қалай ұзартуға болады – министр жауабы
Боран

Бұрқасын соғып, көктайғақ болады синоптиктер жұмаға болжам жасады

1063
Қазақстанның тоғыз өңірінде дабылды ескерту жарияланды, бұрқасын соғып, тұман түседі, көктайғақ болады деп болжанып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Синоптиктер жұмада ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Қазгидрометтің мамандары Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады деген болжам жасады, тек шығыста және оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, Қазақстанның солтүстігінде және орталық бөлігінде жаяу бұрқасын соғады.  

Дабылды ескерту

Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түседі.

Жұма күні Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын соғады, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Жұма күні Маңғыстау, Қызылорда, Атырау, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қараша айының жиырма жетісінде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасындатады.

Оқи отырыңыз: Биылғы қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады 

28 қарашада таңертең және күндіз Жамбыл облысында жауын-шашын қатты жауады (жаңбыр, қар), 27-29 қарашада кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, 28 қарашада кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады. 27 қарашада күндіз, 28 қарашада тәулік бойы секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, 28 қарашада екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Өңірлердегі ауа райы

Қарағанды ​​облысында кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады.

Батыс Қазақстанда тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда.

Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Павлодар облысында тұман түседі.

Алматы облысында, Жалаңашкөл маңында жел секундына 17-22 метрге күшейеді.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда түнде 14-16, күндіз 5-7 градус суық болады.

Алматыда түнде ауа температурасы минус 5-7 градусқа дейін төмендейді, күндіз плюс 4-6 градус болады.

Шымкентте дабылды ескерту жарияланды. 27 қарашада күндіз мұнда жел тұрып, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде минус 1 - плюс 1, күндіз 7-9 градус жылы болады.

1063
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, көктайғақ, бұрқасын