Қоғам

Әп-сәтте жұлдыз болған ақсулық жігіт әлемдік премияға ұсынылды

© Sputnik / Абзал Калиев DJ Иманбек
 DJ Иманбек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық Иманбек Зейкенов әлемдегі беделді "Грэмми" премиясында үздіктер қатарынан көріну үшін бақ сынайды

АЛМАТЫ, 25 қараша – Sputnik. Павлодар облысы Ақсу қаласының тұрғыны Иманбек Зейкенов (Imanbek) "Грэмми" музыкалық сыйлығының номинанты қатарына кірді. Оның Saint JHN-нің Roses атты әніне жазылған ремиксі әлемдік хиттердің алдыңғы қатарында тұр.

Иманбек бұған дейін мұндай танымалдылыққа ие болуды мүлдем күтпегенін, ал бұл әнді кездейсоқ жазғанын айтты.

"Мен үйде Saint JHN-нің әуенін естідім. Осы әнге екі сағатта ремикс жаздым. Кейін ол видеоны интернетке жүктедім. Достарыма ұнады, бірақ айтарлықтай еш нәрсе болған жоқ. Үш айдан соң трек бір миллион жазылушысы бар топта жарияланыпты. Адамдар әуенді сол жерде тыңдай бастады. Бір немесе бір жарым айдан соң маған түрлі продюсерлер хабарласа бастады", - деді Зейкенов Sputnik Қазақстан тілшісіне.

YouTube желісінде видоео миллиондаған қаралым жинады, ән U. S. Billboard Hot 100 рейтингінің бестігіне кірді және мамыр айында британдық хит-шеруде алдыңғы қатарда тұрды.

Музыкант ретінде танылғанға дейін Иманбек Зейкенов Павлодар облысындағы теміржолшы жұмыс істеген, бос уақытында ремикс жазған.

"Мені "Грэмми" сыйлығының номинанттары тізіміне қосыпты, бұл өте керемет жаңалық. Қолдау көрсеткендеріңіз үшін көп рақмет", - деп жазды диджей әлеуметтік желіде.

Қазір Imanbek әлемдік жұлдыздармен трек жазуды жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, мүсінді табыстау 2021 жылдың 31 қаңтарында өтеді. Ремикс номинациясы бойынша үміткерлер: Phil Good – Do You Ever (Rac Mix), Deadmau5 - Imaginary Friends (Morgan Page Remix), Jasper Street Co. - Praying for You (Louie Vega Main Mix), Saint Jhn - Roses (Imanbek Remix), Bazzi - Young & Alive (Bazzi vs. Haywire Remix).

Жаңалықтар
0