Қоғам

Сара Назарбаева қазақстандықтарға үндеу жасады

© Photo : Официальный сайт первого президента Казахстана Первый президент Казахстана Нурсултан Назарбаев и глава фонда "Бобек" Сара Назарбаева
Первый президент Казахстана Нурсултан Назарбаев и глава фонда Бобек Сара Назарбаева  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Бөбек" қорының негізін қалаушы балаларды тәрбиелеуге арналған халықаралық форумға қатысты. Жиын онлайн-форматта өтті

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша — Sputnik. Сара Назарбаева қазақстандықтарды бір-біріне құрмет танытып, арына кір келтірмей өмір сүруге шақырды.

"Бөбек" қорының негізін қалаушы балаларды тәрбиелеуге арналған халықаралық форумға қатысты. Жиын онлайн-форматта өтті, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Сіздер - мұғалімсіздер, игі іс атқарып жатырсыздар. Өте жауапты қызмет. Өйткені балаларды дұрыс тәрбилеу керек. Балабақшада, мектепте тәрбиешілер мен мұғалімдер баланың жанында болады. Балаларды үнемі адами құндылықтарға баулу керек. Баршаға құрмет танытуға үйрету қажет", - деді ол.

Шара дүниежүзілік балалар күніне арналды. Қазіргі уақытта "Бөбек" қоры балалар үйінің 8 мыңға жуық тәрбиленушісіне қолдау көрсетеді. Қордың тәрбилеу әдістемесін балабақшалар, мектептер мен колледждер қолданады. Шетелде де қазақстандық тәжірибе меңгерілуде. Мәселен, Таиландтағы орталықта балаларды "Өзін-өзі танудың" қазақстандық әдістемесі бойынша оқытады.

Сара Назарбаева немен айналысады

Сара Назарбаева көпшілік алдына сирек шығады. Ол 1992 жылдан бері "Бөбек" қайырымдылық қорына жетекшілік етеді. 1994 жылдың шілде айынан бастап "SOS – Қазақстанның балалар ауылы" қорының президенті.

2001 жылы Қазақстанның мектептері алғаш рет Назарбаеваның "Өзін-өзі тану" пәнін енгізді. Ал 2010 жылдан бері сабақ 1-11 сыныптарда оқытылады.

Жаңалықтар
0