Қоғам

Қазақстанда дәрігерлер жалақысы қашан өсетіні белгілі болды

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, портмоне, тенге купюры
Деньги, портмоне, тенге купюры - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тоқаевтың айтуынша, өңірлік медицинаны дамыту үшін барлық облыста 20 заманауи медицина орталығы салынады

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Қазақстанда дәрігерлердің жалақысы 2023 жылға қарай 2,5 есеге ұлғаяды. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Дәрігерлердің жалақысы 2023 жылға қарай 2,5 есе өседі. Басты мақсат – қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығын 75 жылға дейін ұлғайту", – деді Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезінде.

Президент дені сау интеллектуалды ұлт қалыптастыру мемлекеттің басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Жаңа жаһандық сын-қатерлерді ескеріп, білім, ғылым, денсаулық, мәдениет және спортқа жұмсалатын шығындар ұлғаяды.

"Бұл еліміздің болашағына, адам капиталына құйылатын стратегиялық инвестициялар. Денсаулық сақтауды қаржыландыру көлемі ЖІӨ-нің 5%-інен төмен болмайды", – деді мемлекет басшысы.

Тоқаев алда болуы мүмкін жаңа эпидемияларға дайын болуымыз қажет екенін айтты.

Цифрландыру, телемедицина, биологиялық қауіпсіздік инфрақұрылымын біріктіретін Бірыңғай ұлттық жүйе құрылады. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында екі ғылыми-инновациялық көпбейінді клиникалар тұрғызылады.

Оқи отырыңыз: "СК-Фармация" басшысы 1 миллион теңге жалақы алатын дәрігерлер туралы айтты

Сонымен қатар, Тоқаевтың айтуынша, өңірлік медицинаны дамыту үшін барлық облыста 20 заманауи медицина орталығы салынады. Аудандық ауруханалар мен перзентханалар, ауылдағы емдеу мекемелері қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Жаңалықтар
0