Қоғам

Түркиядан Алматы әуежайына келген шетел азаматы депортацияланды

© Photo : РСК АлматыАэропорт Алматы
Аэропорт Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ПТР талдауының нәтижесінде шет елден келген бір жолаушыға коронавирустық инфекция диагнозы қойылды

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Алматы халықаралық әуежайына келген ресей азаматы коронавирусқа қатысты ПТР анықтамасының мерзімі өтіп кетуіне байланысты елден депортацияланды.

"Түркиядан келген Ресей азаматының қолында COVID-19 сынағына тапсырған анықтамасының мерзімі өтіп кеткені анықталды. Осыған байланысты ол Алматы әуежайынан депортацияланды", – деді көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Өткен тәулікте Қазақстанға Египет, Түркия, Корея, БАӘ, Ресей, Грузия, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан және Германиядан барлығы 13 халықаралық рейс келді.

"Жалпы 1 420 жолаушының 1 328-інде ПТР сынағының теріс нәтижесі көрсетілген анықтама болды. 91 Қазақстан азаматы ешбір анықтамасыз елге келді", – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Меркельдің алдында өнер көрсеткен қазақстандық пианист қызды Германия елден шығармақ

Олардың барлығы карантиндік стационарға жатқызылды. ПТР талдауының нәтижесінде бір жолаушыға коронавирустық инфекция диагнозы қойылды.

Жаңалықтар
0