Көкөністер

Дәрігер коронавирустан қорғайтын көкөніс пен жеміс-жидек түрлерін атады

1512
Мамандар адам ағзасында күшті иммундық жүйе қалыптасқан жағдайда ғана вирусты жеңу мүмкін екендігін алға тартады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Британдық дәрігер Гита Мейкер-Кларк пандемия кезінде иммунитетті күшейтуге қандай тағамдар көмектесетінін айтты. Ол коронавирустан қорғану үшін рационға мүмкіндігінше жаңа піскен көкөніс пен жемістерді қосып, қант тұтынуды азайту зор маңызға ие екенін алға тартуда, деп хабарлайды Daily Express.

С дәруменіне бай тағамдарға – брокколи мен болгар бұрышы, брюссель орамжапырағы және цитрусты өсімдіктерге ерекше назар аудару керек.

"Иммундық жүйеге бір мезетте бір емес, бірнеше дәрумен керек. Атап айтқанда, A, C, D, E, B6 мен B12 және фолат, мырыш, темір, мыс пен селен дәрумендеріне қажеттілік көп", – дейді дәрігер.

Ол А дәруменінің орнын толтыру үшін көкөністерден – сәбіз бен жұпар иісті қауын, асқабақ және тәтті картоп жеу пайдалы екенін айтады. Ал жаңғақ пен асжапырақ және күнбағыс майы Е дәруменін қажет ететіндер үшін пайдалы.

Оған қоса Д витаминін де назардан тыс қалдыруға болмайды. Дәрігер оны әсіресе, COVID-19 пандемиясы кезінде жиі қабылдаған жөн еп санайды. Күн сәулесі жетіспейтін кезеңде, қазан мен наурыз айында қолданылса, тіптен жақсы.

Осындай ойын ортаға салған Мейкер-Кларк күшті иммундық жүйе болған жағдайда ғана ағза вирусты жеңе алатынын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Вирус жұқтырмау үшін даладан үйге кіргенде не істеу керек?

Айта кетейік, бұған дейін неміс ғалымдары өсімдік өнімдеріне зерттеу жүргізіп, олардың қайсысы адам ағзасындағы коронавирусты жеңетінін анықтаған болатын.

Ғалымдар қара жемісті шетеннің шырыны небәрі 5 минуттың ішінде организмдегі коронавирусты 97%-ке дейін жоятыны мәлімдеген. Анар шырынының да вирусқа қарсы әсері күшті болып шықты. Анар шырынымен тамақты шая отырып, COVID-19 патогендерінің 80%-не дейін өлтіруге болады.

Ғалымдар коронавирус инфекциясын басқа да табиғи шырындар, сондай-ақ, көк шәй әжептәуір әлсірететінін де анықтаған.

Коронавирусты басқа табиғи шырындар мен жасыл шай да айтарлықтай әлсіретеді.

Сарапшылар мұндай әсер қышқыл орта мен өсімдік полифенолдарының әсерінен болатынын, олар өлімге әкелетін вирусқа зиян келтіретіндігін алға тартады.

1512
Кілт сөздер:
коронавирус, жеміс-жидек, көкөністер
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2008)
Тақырып бойынша
Ғалымдар қай халықтың коронавирусқа көп жылдан бері бейім екенін айтты
"Бір аптада 45 келі балық жеп қойдық": 13 баласы бар отбасының карантиндегі өмірі
Ғалымдар организмдегі коронавирусты 5 минуттың ішінде өлтіретін өнімді атады
Бас санитар дәрігер көкөніс пен жемісті қандай сумен жуу керек екенін айтты
Иммунитетті нығайту үшін қандай дәрумендер қажет?
Тағайындау, қызмет

Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды

838
(Жаңартылды 20:25 22.01.2021)
Ол әр жылдары Алматы қаласындағы республикалық апаттар медицинасы орталығының дәрігері, денсаулық сақтау министрлігінің бас маманы, бөлім, басқарма басшысы болды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Жандос Бүркітбаев денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Үкіметтің тиісті қаулысы шықты.

Жаңа вице-министр туралы не білеміз

Жандос Бүркітбаев 1971 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

1996 жылы C. Асфендияров атындағы Алматы ұлттық медицина университетін "Емдеу ісі" мамандығы бойынша, 2003 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша тәмамдады. Ал 2007 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын "Фармация" мамандағы бойынша, 2018 жылы Қазақстан медицина университетінің дипломын алып шықты.

Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем клиникалық ауруханасында дәрігер-терапевт болып бастаған. 

Вице-министр здравоохранения Жандос Буркитбаев
Жандос Бүркітбаев ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды 

Әр жылдары Алматы қаласындағы республикалық апаттар медицинасы орталығының дәрігері, денсаулық сақтау министрлігінің бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысы, мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2008 жылы астанадағы "Қан орталығын" басқарды. 2011-2019 жылдары Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының директоры болды. 

2019 жылдың 23 қаңтарынн бастап Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың басқарма төрағасы қызметін атқарды.

838
Кілт сөздер:
вице-министр, денсаулық сақтау
Тақырып бойынша
Денсаулық министрі Тоқаевқа карантиннің күшейтілуі туралы айтып берді
Алексей Цой неге вакцина салдырмағанын түсіндірді
Цой Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар неге көбейіп жатқанын түсіндірді
Денсаулық сақтау жүйесі адам өмірін бірінші орынға қоюы қажет – мемлекет басшысы
Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталады – Цой
Назарбаев Алтай Көлгіновті қабылдады

Назарбаев Алтай Көлгіновті қабылдады

36
(Жаңартылды 19:34 22.01.2021)
2020 жылы елорданы дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша маңызды жобаларды іске асыруға 1 триллион теңгеден астам инвестиция тартылған

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады.

Қала басшысы Елбасыға эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.

Оның мәліметіне сәйкес, 2020 жылы елорданы дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша маңызды жобаларды іске асыруға 1 триллион теңгеден астам инвестиция тартылған. Көлгінов білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылымды дамыту жобаларына да тоқталды.

Сондай-ақ, астана әкімі пандемия жағдайында елорданың шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау шаралары туралы айтып берді.

Елбасының ресми сайты Назарбаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты да қабылдағанын хабарлап отыр.

 

 

 

36
Кілт сөздер:
Алтай Көлгінов, Назарбаев
Тақырып бойынша
Шығыс Қазақстанды бөліп алып, басқа мемлекет құрғысы келді – Назарбаев
Оны ұстап тұра алмадық – Назарбаев Айсұлтанның тәуелділіктен арыла алмағанына өкінді
Назарбаев түнде "Nur Otan" партиясының штабына келді
Назарбаев тағы да үндеу жасады
Назарбаев Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты
Қыстағы жол

Үш бірдей өңірде жолдар жабылды

334
Ауа райы бұзылып, жел мен боран салдарынан бірқатар өңірде жолдар жабылды. Шектеу көліктің барлық түріне қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның үш өңірінде ауа райының бұзылуына байланысты жолдар жабылды.

"ҚазАвтоЖол" ақпаратына сәйкес, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында барлық көлік түріне шектеу қойылды.

Жабылған жолдар тізімі

  • Алматы - Ташкент - Термез 159-239 километр, Кенен мен Қайнар арасы;
  • Алматы - Ташкент - Термез, 536-654 километр, Айша-Бибіден Машатқа дейін;
  • Алматы - Өскемен, 70-683 километр, Қапшағайдан Шығыс Қазақстан облысындағы Таскескенге дейін;
  • Өскемен - Алтай - Рахмановские ключи, 6-66 километр, Ушановтан Серебрянск бұрылысына дейін;
  • Үшарал - Достық, 0-184 километр;
  • Алматы - Көкпек - Көктал - Қорғас, 126-230 километр, Байсейіт пен Шонжы арасы;
  • Сарыөзек - Көктал, 3-178 километр;
  • Омбы - Майқапшагай, 756-906 километр, Семей - Қалбатау.
334