Қоғам

Қазақстанда коронавирусқа қатысты соңғы мәлімет жарияланды

© AFP 2024 / KENZO TRIBOUILLARDПробирки с образцами анализов на коронавирус в лаборатории
Пробирки с образцами анализов на коронавирус в лаборатории - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен тәулікте коронавирус індетінен 7 адам қайтыс болып, 660 науқас емделіп шықты. Ал пневмониядан бір адам көз жұмып, 60 адам емделіп шықты

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус індетін жұқтырған 826 науқас тіркелді, деп хабарлады COVID-19 індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Маңғыстау облысында 27 қарашада бірде-бір адамнан вирус табылмады.   

Өңірлер бойынша мәлімет:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 73,
  • Алматы қаласы – 84,
  • Шымкент қаласы – 6,
  • Ақмола облысы – 74,
  • Ақтөбе облысы – 6,
  • Алматы облысы – 23,
  • Атырау облысы – 15,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 145,
  • Жамбыл облысы – 15,
  • Батыс Қазақстан облысы – 43,
  • Қарағанды облысы – 22,
  • Қостанай облысы – 77,
  • Маңғыстау облысы – 3,
  • Павлодар облысы – 117,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 119,
  • Түркістан облысы – 4.

Өткен тәулікте коронавирус індетінен 7 адам көз жұмды, 660 науқас емделіп шықты. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 130 039.

Оқи отырыңыз: Министр Қазақстанда қатаң карантин қашан енгізілуі мүмкін екенін айтты 

184 адамға пневмония диагнозы қойылды, одан бір адам көз жұмды. 60 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бастап коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониямен 41 940 адам ауырып, 440-ы қайтыс болды, ал жазылып шыққандардың саны 30 422 жетті.

Жаңалықтар
0