Қоғам

"Режимді күшейтеміз": Бақытжан Сағынтаев мәлімдеме жасады

© Sputnik / Тимур БатыршинБакытжан Сагинтаев
Бакытжан Сагинтаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы әкімі тұрғындарды санитарлық ережелерді қатаң сақтауға және босаңсымауға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша— Sputnik. Алматы коронавирус жұқтыру қаупінің "сары" аймағына енді. Жағдай күрделенсе, карантин режимі күшейтіледі. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

"Құрметті алматылықтар, биылғы 2020 жыл біз үшін үлкен сабақ болды. Ең бастысы — босаңсымау. Пандемия басылған жоқ. Бүкіл әлемдегі жағдай да ушығып тұр. Алматы жұқтыру қаупінің "сары" аймағына енді. Баршаңызды санитарлық ережелерді қатаң сақтауға шақырамын. Жағдай күрделенсе, режимді күшейтеміз", - деп жазды Сағынтаев Instagram-парақшасында.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирусқа қатысты жағдай нашарлап жатқанын хабарлаған еді. COVID-19 таралуы бойынша "қызыл" аймаққа бес өңір кірді: Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Ақмола облысы. "Сары" аймақта – Алматы, қалған өңір - "жасыл" аймақта.

Егер өңір бір аймақтан екіншісіне өтсе, шектеулер тағы 14 күнге сақталады, деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Қараша айында қазанмен салыстырғанда коронавирус ауруы 3,7 есеге артты.

Жаңалықтар
0