Қоғам

Маман телефондағы көпшілік біле бермейтін PIN-кодтың пайдасы туралы айтты

© Photo : Luisella Planeta Leoni Қыз ұялы телефон ұстап тұр
Қыз ұялы телефон ұстап тұр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сарапшы алаяқтардан сақтану үшін құжаттар мен төлем карталарының суретін галереяда сақтамауға кеңес берді

АЛМАТЫ, 1 желтоқсан – Sputnik. Телефонды жоғалтып алған кезде алаяқтардың жеке деректерді қолдануына жол бермеу үшін смартфонға алдын ала бірқатар өзгеріс енгізген жөн.

Бұл жайында "Джет инфожүйесі" компаниясының қауіпсіздігін практикалық талдау зертханасының сарапшысы Екатерина Рудая "Прайм" агенттігіне айтып берді.

"Смартфондар іске қосылған кезде иелеріне саусақ ізін пайдалануды ұсынады және жаңа қосымшаларды орнатқанда камераға, телефон нөмірлерін қолдануға рұқсат беру керек пе деп сұрайды", - деп түсіндірді сарапшы.

Тағы оқыңыз: Ұялы телефон арқылы қалай қосымша ақша табуға болады – маман кеңесі

Хакерлердің телефоннан ақпарат алуына кедергі келтіретін қолжетімді параметрлердің ішінде телефонның SIM-картасына қойылатын PIN-код туралы ерекше айтуға болады. Сарапшы құрылғыны жоғалтқан кезде деректерді қорғау үшін оны орнатуға кеңес берді.

"Браузерді пайдаланып мобильді құрылғыда қандай құпия сөздерді сақтағаныңызға ерекше назар аударған жөн. Иә, бұл ыңғайлы, алайда банктің жеке кабинетіндегі деректерді браузерде сақтамаған дұрыс", - дейді Рудая.

Сонымен қатар, айтуынша, құжаттар мен төлем карталарының суретін галереяда сақтамау керек.

Жаңалықтар
0