Қоғам

Тоқаев қазақстандық еріктілерге алғыс айтты

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Birgemiz еріктілер фронт кеңсесінің ашылуында
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Birgemiz еріктілер фронт кеңсесінің ашылуында - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы 2020 жыл Қазақстанда Волонтерлар жылы деп жарияланғанын еске салып, волонтерлік нағыз патриотизмнің көрінісі екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де еріктілерді Халықаралық волонтерлар күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы осы жылды Қазақстанда Волонтерлар жылы деп жариялағанын еске салды.

"Еріктілерімізді мақтан тұтамын және олардың орасан зор әрі пайдалы жұмыстарына, әсіресе, пандемия кезіндегі еңбектері үшін ризашылығымды білдіремін. Волонтерлік уақытша науқан емес, ол он мыңдаған азаматтарымыздың жан тебіренісі. Біз әрқашанда біргеміз!", - деп жазды президент.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығы бекітілді

Тоқаев еріктілер, шын мәнінде, қарапайым адамдардың мүдделері үшін қайырымдылықтың, шынайылықтың, имандылықтың символына айналғанын атап өтті.

Президент волонтерлік нағыз патриотизмнің көрінісі екенін айтты.

Жаңалықтар
0