Қоғам

ҰҚК қазақстандықтарға қауіпсіздік сертификатын орнатуды ұсынды – ол не үшін қажет

CC0 / William Iven / Смартфон с наушниками
Смартфон с наушниками - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұялы байланыс операторлары қазақстандықтарға интернет қолжетімді болуы үшін қауіпсіздік сертификатын орнату ережелерін жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірге 6 желтоқсаннан бастап Нұр-Сұлтанда "Киберқауіпсіздік Нұр-Сұлтан-2020" оқу-жаттығуы өтетінін хабарлады.

Биыл пандемияға және қашықтан жұмыс істеуге ауысуға байланысты елдің цифрлық кеңістігіне кибершабуылдар жиілеуде.

Атап айтқанда, 2020 жылы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда интернеттің қазақстандық сегментіндегі кибершабуылдар саны 2,7 есеге жуық өсті.

Тағы оқыңыз: Бас прокуратура қауіпсіздік сертификатына қатысты мәлімдеме жасады

Киберқауіптерден қорғауға Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы, Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы,  "Қазақстанның киберқалқаны" жүйесі және тағы басқалары тартылады.

Министрлік оқу-жаттығу кезінде азаматтар кейбір шетелдік интернет-ресурстарға кіре алмауы мүмкін екенін ескертті. Интернет қолжетімді болу үшін елорда тұрғындарына ұялы телефонға қауіпсіздік сертификатын орнату ұсынылды.

Ұялы байланыс операторлары қауіпсіздік сертификатын орнату ережелерін жариялады.

Қауіпсіздік сертификатын қалай орнатуға болады

Жаңалықтар
0