Қоғам

2021 жылы қазақстандықтар неше күн демалады

© Sputnik / Владислав ВодневНовогодние игрушки на елке
Новогодние игрушки на елке - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда ұлттық және мемлекеттік мереке күндері ресми түрде демалыс беріледі. Ал мейрам демалыс күнімен сәйкес келсе, одан кейінгі жұмыс күні демалыс болады

НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Келесі жылы аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 120 күн демалады. Алты күндік жұмыс аптасы болса, 68 күн демалыс беріледі.  

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылдың өндірістік күнтізбесін жариялады. Оған сәйкес, қаңтардың басында төрт күн демалыс күтіп тұр. Жаңа жылға байланысты 1-2 қаңтарда жұмыс болмайды. Ал 2 қаңтар сенбіге түсіп тұрғандықтан дүйсенбі – 4 қаңтар да демалыс болып жарияланды. Одан кейін қазақстандықтар екі күн жұмыс істеп, Рождество мерекесіне орай 7 қаңтарда тағы демалады.

Қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалады

Ең ұзақ демалыстар көктемде болады. Барлығы – 33 күн. Мәселен, наурыз айында қазақстандықтар екі мерекені қатар атап өтеді: 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы. Осының өзі 12 күн болып тұр. Наурыз мейрамының алғашқы күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан, демалыс 24-іне ауыстырылады.  

Мамыр айында үш мемлекеттік мейрам бар. 1 мамыр күні – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр - Отан қорғаушы күні және 9 мамыр – Жеңіс күні. Екі мереке демалысқа түсіп отыр. 1 мамыр сенбіге, ал 9 мамыр жексенбіге келіп тұр. Сондықтан одан кейінгі дүйсенбілер демалыс болады. Осылайша, мамыр айында қазақстандықтар барлығы 13 күн демалады. 

Шілде айында республика бойынша екі мейрам аталып өтеді. Біреуі – мемлекеттік, екіншісі – діни мереке. 6 шілде күні Астана күні тойланады. Оған дейін 3 шілде жұмыс күні болады да, жексенбі – 4 шілдеден бастап қазақстандықтар үш күн (4, 5 және 6 шілде) қатарынан демалады. Ал 20 шілдеде Құрбай айт аталып өтеді.

30 тамыз – Конституция күні аптасына бес күн жұмыс істейтіндер тағы үш күн – 28, 29 және 30-ы демалады.

Желтоқсан айында екі мейрам бар. 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні, ал Тәуелсіздік мерекесінде 16, 17, 18 мен 19 желтоқсан күндері қатарынан демалыс болады.

Қазақстандағы ұлттық және мемлекеттік мерекелер

  • 1-2 қаңтар - Жаңа жыл;
  • 7 қаңтар – Рождество;
  • 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;
  • 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы;
  • 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні;
  • 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;
  • 9 мамыр – Жеңіс күні;
  • 6 шілде – Астана күні;
  • Құрбан айттың алғашқы күні (2021 жылы – 20 шілде);
  • 30 тамыз – Конституция күні;
  • 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні;
  • 16-17 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесі.
Жаңалықтар
0