Қоғам

"Бұл біздің уәдеміз": Қытай елшісі COVID-19-ға қарсы вакцина туралы айтты

© Sputnik / Владислав ВодневҚытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо
Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қытай елшісі вирусқа қарсы вакцина мұқтаж азаматтардың барлығына қолжетімді болуы тиіс деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Қазір Қытайда коронавирусқа қарсы бес вакцина клиникалық сынақтың үшінші кезеңінен өтіп жатыр. Олардың бірі жуырда сатылымға түседі. Бұл туралы Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қытай коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеуде әлемде көшбасшылар қатарында тұр. Бүгінгі таңда Қытайда әзірленген бес вакцина клиникалық сынақтың үшінші фазасынан өтуде. Осы вакциналардың бірі санаулы күндерде сатылымға түседі. Бұл екпенің тиімділігі 90%-тен асады", - деді Чжан Сяо қазақстандық БАҚ өкілдерімен бейнебайланыс арқылы өткен баспасөз мәслихатында.

Ол жуырда сатылатын вакцинаның тасымалдау және сақтау саласында үлкен артықшылықтарға ие екенін атап өтті.

"ҚХР төрағасы Си Цзиньпин COVID-19-ға қарсы әзірленген вакцина жаһандық қоғамның игілігі екенін бұрыннан айтып жүр. Сыртқы істер министрі Ван И де жуырда жасаған сапарында қытайлық вакцина біздің достас, көрші елдерге жеткізілетінін мәлімдеді. Бұл біздің халықаралық қоғамдастыққа берген салтанатты уәдеміз", - деді Қытай елшісі.

Тағы оқыңыз: Коронавирусқа қарсы жаппай вакцинацияға дайындық басталды – Сағынтаев

Чжан Сяо вакцина тек жекелеген немесе бай елдерге тиесілі болмау керектігін атап өтті.

"Кім мұқтаж болса, соған қолжетімді болуы тиіс, өйткені бәрі өмір сүруге құқылы. Ашығын айтқанда, қазір жекелеген мемлекеттер вакцинаны өздеріне қажет дозадан әлдеқайда көп мөлшерде алып жатыр. Бұл жағдай біраз алаңдатады", - деді ол.

Ғалымдардың болжамынша, келесі жылдың көктемінде әлем коронавирустың үшіші толқынымен бет-бет келуі мүмкін. Сол себепті, айтуынша, Қытайдың Қазақстандағы елшісі ретінде оның келесі жылы ең басты міндеті –Қазақстанда тұратын Қытай азаматтарының өмірі мен денсаулығын сақтау. Чжан Сяо олардың қауіпсіздігі үшін бар күш-жігерін салатынын атап өтті.

Жаңалықтар
0