Қоғам

Бұрынғы мәжіліс депутаты Әлімжанов қайтыс болды

© Sputnik / Абзал КалиевГвоздики
Гвоздики - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Исаханов мәжілістің бюджет және қаржы комитетінің мүшесі болған. Ол елдегі алғашқы ірі АКТ компанияларының бірін құрды

НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Бұрынғы мәжіліс депутаты, ірі бизнесмен Исахан Әлімжанов өмірден озды.

"2020 жылдың 9 желтоқсанында "АЛСИ" компаниялар тобының негізін қалаушы және тұрақты басшысы Исахан Молдаханұлы Әлімжанов өмірден өтті. Ол 30 жылдан астам уақытын компанияға арнап, сый-құрметке бөленді. Исахан Молдаханұлы ұжымына үлгі, тәлімгер, дос болды. Ол біздің есімізде мәңгі қалады", - делінген "АЛСИ" компаниялар тобының хабарламасында.

Белгілі композитор Кеңес Дүйсекеев қайтыс болды

Исахан Әлімжанов 1959 жылы 7 тамызда дүниеге келген. Ол екінші шақырылған мәжіліс депутаты, төменгі палатаның бюджет және қаржы комитетінің мүшесі болды. Ол Қазақстандағы алғашқы ірі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) компанияларының бірін құрды.   

Жаңалықтар
0