Қоғам

Канаданың Торонто қаласында қазақ мәдени орталығы ашылды

© Sputnik / Абзал КалиевКюйши играет на домбре
Кюйши играет на домбре - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Орталыққа келушілер ұлттық құндылықтармен танысып, қазақ тілін оқып, үйренеді. Сондай-ақ, отандастарымызды жақындастыруға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан – Sputnik. Канаданың ең ірі қаласы Торонтодағы Қазақстан консулдығында "Қазақ мәдениеті мен қазақстандықтар орталығы" ашылды. Онлайн форматта өткен шара Тәуелсіздіктің 29 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

© Photo : сайт министерства иностранных делКанадада ашылған Қазақ мәдени орталығы
Канаданың Торонто қаласында қазақ мәдени орталығы ашылды - Sputnik Қазақстан
Канадада ашылған Қазақ мәдени орталығы

Қазақстанның Канададағы елшісі Ақылбек Камалдинов диаспораны көптен күткен қазақ мәдениеті орталығының ашылуымен құттықтап, бұл іс-шара Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы және композитор Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығы аясында өткені ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

"Елшілік орталықты қазақ диаспорасы өкілдері мен Канаданың әртүрлі қалаларында тұратын қазақстандықтар үшін, сондай-ақ қазақ тілін үйреніп, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымен тереңірек танысқысы келетін канадалықтар үшін ашылып отыр", – деді дипломат.

Орталықта қазақ тілі оқытылып, келушілер ұлттық құндылықтармен танысады. Сондай-ақ, бұл жерде Канададағы отандастарымызды біріктіру мен жақындасуға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіледі.

© Photo : сайт министерства иностранных делОрталықтың Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы және композитор Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығы аясында ашылуы ерекше маңызға ие
Канаданың Торонто қаласында қазақ мәдени орталығы ашылды - Sputnik Қазақстан
Орталықтың Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы және композитор Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығы аясында ашылуы ерекше маңызға ие

Шара аясында Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі Марат Мақсұтов Абайдың әндерін шырқап, кездесу қонақтарын өз өнерімен тәнті етті.

Оқи отырыңыз: Шетелдегі қазақтар Мюнхен қаласында мешіт салмақ

Бейресми деректерде осы күндері Канададағы қазақ диаспорасының саны 12 мыңнан асатыны айтылады. Олардың көпшілігі Канаданың ірі қалалары – Торонто, Монреаль, Ванкувер, Калгари және Оттавада тұрады.

Жаңалықтар
0