Мейрамхана, архив

Коронавирустан қорғану үшін қалай тамақтану керек

894
Алайда кез келген диета сынды, мұны да барлығы бірдей ұстана алмайды, Бүйрек, бауыр, сүйек сырқаты барлар мен командалық спорт түрімен айналысатындарға арналмаған

НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан — Sputnik. Кетогендік диета кезінде ұннан жасалған тағамдар мен тәттіден бас тарту қажет. Көмірсуды аз қолдану ағзадағы "жаман" холестерин процентін азайтады, деп хабарлайды Times of India зерттеу қорытындысына сілтеме жасап.

Мамандар тамақтанудың мұндай тәсілі қандағы қант деңгейін тұрақтандыратынын айтады. Зерттеу нәтижесінде диета плазмадағы кетон денелері деңгейін арттыратынын көрсетті.

"Тамақтанудың бұл тәсілі бейімді иммундық жасушалар қызметін жақсартып, коронавирус жұқтыру қаупін азайтады", - делінген зерттеуде. 

Ғалымдар катогендік диета Т-лимфоцит рецепторымен байланысты жасушалар таралуына септесетінін анықтады. Сондай-ақ, қабынуға қарсы әсері бар.

Бұл диетада калориялардың 60-70%-і майлардан, 20-30%-і ақуыздан және 10 проценті көмірсулардан болуы керек. Майды өсімдік майы, ет, балық, ірімшік, қаймақ, тәтті емес йогурт, жұмыртқа, авокадо және жаңғақтардан алуға болады. Бұл өнімдердің дені ақуызға бай. Ал көмірсулар көкөніс, тәтті емес жеміс-жидектен алынады.  

Бірақ гарнирге ботқа, макарон, картоп жемеген жөн. Тәтті мен алкогольдік ішімдікке тыйым салынады. 

Алайда кез келген диета сынды, мұны да барлығы бірдей ұстана алмайды, Бүйрек, бауыр, сүйек сырқаты барлар мен командалық спорт түрімен айналысатындарға арналмаған.

894
Кілт сөздер:
диета, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2008)
Тақырып бойынша
Биолог коронавирустың күтпеген салдарын атады
Сексен пайызы жұқтырған: Еуропада коронавирустың жаңа түрі таралып жатыр
Коронавирустың жаңа штаммы таралып жатыр – ғалымдар дабыл қақты
Ғалымдар балаларда коронавирустың жаңа белгілерін анықтады
ДДҰ коронавирустың үшінші толқыны туралы ескертті
Тағайындау, қызмет

Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды

1067
(Жаңартылды 20:25 22.01.2021)
Ол әр жылдары Алматы қаласындағы республикалық апаттар медицинасы орталығының дәрігері, денсаулық сақтау министрлігінің бас маманы, бөлім, басқарма басшысы болды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Жандос Бүркітбаев денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Үкіметтің тиісті қаулысы шықты.

Жаңа вице-министр туралы не білеміз

Жандос Бүркітбаев 1971 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

1996 жылы C. Асфендияров атындағы Алматы ұлттық медицина университетін "Емдеу ісі" мамандығы бойынша, 2003 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша тәмамдады. Ал 2007 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын "Фармация" мамандағы бойынша, 2018 жылы Қазақстан медицина университетінің дипломын алып шықты.

Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем клиникалық ауруханасында дәрігер-терапевт болып бастаған. 

Вице-министр здравоохранения Жандос Буркитбаев
Жандос Бүркітбаев ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды 

Әр жылдары Алматы қаласындағы республикалық апаттар медицинасы орталығының дәрігері, денсаулық сақтау министрлігінің бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысы, мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2008 жылы астанадағы "Қан орталығын" басқарды. 2011-2019 жылдары Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының директоры болды. 

2019 жылдың 23 қаңтарынн бастап Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың басқарма төрағасы қызметін атқарды.

1067
Кілт сөздер:
вице-министр, денсаулық сақтау
Тақырып бойынша
Денсаулық министрі Тоқаевқа карантиннің күшейтілуі туралы айтып берді
Алексей Цой неге вакцина салдырмағанын түсіндірді
Цой Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар неге көбейіп жатқанын түсіндірді
Денсаулық сақтау жүйесі адам өмірін бірінші орынға қоюы қажет – мемлекет басшысы
Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталады – Цой
Назарбаев Алтай Көлгіновті қабылдады

Назарбаев Алтай Көлгіновті қабылдады

42
(Жаңартылды 19:34 22.01.2021)
2020 жылы елорданы дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша маңызды жобаларды іске асыруға 1 триллион теңгеден астам инвестиция тартылған

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады.

Қала басшысы Елбасыға эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.

Оның мәліметіне сәйкес, 2020 жылы елорданы дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша маңызды жобаларды іске асыруға 1 триллион теңгеден астам инвестиция тартылған. Көлгінов білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылымды дамыту жобаларына да тоқталды.

Сондай-ақ, астана әкімі пандемия жағдайында елорданың шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау шаралары туралы айтып берді.

Елбасының ресми сайты Назарбаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты да қабылдағанын хабарлап отыр.

 

 

 

42
Кілт сөздер:
Алтай Көлгінов, Назарбаев
Тақырып бойынша
Шығыс Қазақстанды бөліп алып, басқа мемлекет құрғысы келді – Назарбаев
Оны ұстап тұра алмадық – Назарбаев Айсұлтанның тәуелділіктен арыла алмағанына өкінді
Назарбаев түнде "Nur Otan" партиясының штабына келді
Назарбаев тағы да үндеу жасады
Назарбаев Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты
Куат Найман Хамитов

Қуат Хамитов қарсыласын небәрі 50 секундта нокаутқа түсірді - жекпе-жек видеосы

2718
(Жаңартылды 22:04 22.01.2021)
Хамитов ресейлік Пантелеевпен кездескен болатын. Ол қарсыласын бірінші раундтың 50-ші секундында нокаутқа түсірді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (19-7-1) аралас жекпе-жектен AMC Fight Nights турниріне қатысты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Хамитов ресейлік Пантелеевпен кездескен болатын. Бірінші раундтың 50-ші секундында нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Қуат Хамитов үшін бұл кәсіби карьерасындағы жиырмасыншы жеңіс. Максим Пантелеев екінші рет жеңіліп отыр. Жекпе-жекке дейін "Найманның" қарсыластары екі рет ауысқан болатын. Басында ол Магомед Магомедовпен (12-3), кейін Алексей Ильенкомен (8-3-1) кездесу өткізетін болды. Алайда екі кездесу де жүзеге асқан жоқ.
2718
Тақырып бойынша
Қуат Хамитов дау тудырған видеосына қатысты мәлімдеме жасады
Қуат Хамитов ресейлік спортшыны тұншықтыру әдісімен жеңді – видео
Қуат Хамитов Алтынбекова жайлы: оған сол қажет болды
Спортшы Қуат Хамитов сотқа тартылды
Қуат Хамитов ісі бойынша сот отырысы неге кейінге қалды