Қоғам

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан жеті адам қайтыс болды

© Sputnik / Тимур БатыршинНовую быстровозводимую модульную больницу для зараженных коронавирусом пациентов открыли в южной столице
Новую быстровозводимую модульную больницу для зараженных коронавирусом пациентов открыли в южной столице - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пандемия басталғалы 142 325 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. 126 182 адам жазылып шығып, 2 145 адам қайтыс болды

АЛМАТЫ, 14 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан жеті адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Пневмониядан қайтыс болғандар тіркелген жоқ.

Қазір коронавирус инфекциясынан 13 998 адам ем қабылдап жатыр, оның арасында 1 041 бала бар.

Стационарларда 4 139 науқас жатыр. 21 828 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 240 адамның жағдайы ауыр. Оның ішінде 35 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 40 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сонымен қатар бір тәулікте 747 адам инфекция жұқтырды, 802 науқас жазылды. 17 адам пневмонияға шалдықты, 51 адам жазылып шықты.

Оқи отырыңыз: Ғалым коронавирус инфекциясын неге барлық адам жұқтырмайтынын түсіндірді

Айта кетейік, пандемия басталғалы 142 325 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. 126 182 адам жазылып шығып, 2 145 адам қайтыс болды.

Ал бірінші тамыздан бастап 43 952 адам пневмонияға шалдықты, 31 519 адам жазылды, 464 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0