Қоғам

Мереке күндері қоғамдық көлік қалай жүреді

© Sputnik / Владислав ВодневНа остановке автобуса в Нур-Султане
На остановке автобуса в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы әкімдігі қаладағы қоғамдық көлік қозғалысына ешқандай өзгеріс енгізілмегенін мәлімдеді

АЛМАТЫ, 14 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында мереке күндері қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істейді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

City Transportation System компаниясының хабарлауынша, 16-19 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді. Тәуелсіздік мерекесіне орай қазақстандықтар төрт күн демалады. 18 желтоқсан (жұма) 20 желтоқсанға (жексенбі) ауысты. Соған байланысты қазақстандықтар жексенбіде жұмыс істейді.

"Осыған орай жексенбі күні қоғамдық көлік сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмысын жалғастырады", – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, қоғамдық көлікке медициналық бетпердесіз кіруге болмайды. Автобусқа тек алдыңғы есік арқылы кіру қажет. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз, яғни көлік картасы, SMS, QR-код арқылы төленеді.

Қазір Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұр.

Оқи отырыңыз: Алматыны автобус-кабриолетпен аралауға болады - видео

Алматы қаласы әкімдігі қалада қоғамдық көліктің қозғалысына қатысты өзгеріс енгізілмегенін хабарлады.

Бүгінгі таңда Алматы қаласы Covid-19 инфекциясының таралуы бойынша "сары" аймаққа кіреді. Қалада соңғы бір тәулікте 48 адам инфекция жұқтырды.

Жаңалықтар
0