Қоғам

Қазақстанда экстремизмнің қаупі қандай – әлемдік рейтинг жарияланды

© Sputnik / Владислав ВодневВиды города Нур-Султан
Виды города Нур-Султан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл Қазақстанда терроризм мен экстремизмге қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар 15 процентке төмендеген

НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан терроризм мен экстремизмге арналған рейтингте 135 елдің ішінде 93-ші орынға жайғасты. Еліміздің индексі 0,901-ді құрап отыр. Бұл қауіп-қатердің ең төменгі көрсеткіші болып саналады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Рейтингке сәйкес, әлемдегі терроризм мен экстремизмнің басым бөлігі және өлім-жітімнің 80 проценті алғашқы он мемлекетте болады. Олардың ішінде Ауғанстан, Ирак, Нигерия, Сирия, Сомали, Йемен, Пәкістан, Үндістан, Конго мен Филиппин бар.

Оқи отырыңыз: Алматыда экстремизмге қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталды 

Қазақстан бас прокуратурасының мәліметінше, 2020 жылы қаңтар-қазан айларында терроризм мен экстремизмге қатысты 189 қылмыстық іс тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 14,9 процентке төмен. Былтыр тоғыз айдың ішінде 222 құқық бұзушылық жасалған. Осылайша, Қазақстан 135 елдің ішінде 93-ші орынға жайғасты.

Ал өңірлік деңгейде терроризм мен экстремизмге қатысты құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Түркістан облысында (29) және Алматы қаласында (29) болған. Одан кейін Шымкент (19) пен Нұр-Сұлтан (15) тұр. Солтүстік Қазақстан (2), Ақмола (3) мен Павлодар (3) облыстарында ондай жағдайлар өте аз тіркелген. 

Осы санаттағы құқық бұзушылықтардың үштен бірін әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни алауыздық туғызу әрекеттері құрап отыр. Одан кейін сот шешімімен терроризм мен экстремизмге байланысты қызметі тоқтатылса да, қоғамдық немесе діни бірлестіктердің қызметіне қатысу және ұйымдастыру фактілері тіркелген. Бұдан бөлек, терроризмді насихаттау мен теракт жасауға үндейтіндер де кездеседі.  

Жаңалықтар
0