Қоғам

Сенат зейнетақы жинағын пайдалануға мүмкіндік беретін заң жобасын мәжіліске қайтарды

© Sputnik / Болат ШайхиновЗдание парламента Казахстана
Здание парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Заң жобасымен жұмыс істеу кезінде бірқатар норманы нақтылау қажеттігі, сондай-ақ, ішкі қарама-қайшылықты жою қажеттігі туындаған

НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан – Sputnik. Парламент сенаты зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға рұқсат етуді көздейтін заң жобасын тиісті түзетулермен мәжіліске кері қайтарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Кейбір заңнамалық актілерге экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын қарастыру кезінде сенаторлар бірқатар түзету енгізген.

"Заң жобасымен жұмыс істеу кезінде бірқатар норманы нақтылау қажеттігі, сондай-ақ, ішкі қарама-қайшылықты жою қажеттігі туындады", - деді сенат депутаты Еділ Мамытбеков.

Айта кетсек, сенат бұған дейін мәжіліс мақұлдаған заң жобасындағы басқа нормаларды қабылдады.

Оған сәйкес, келесі жылдан бастап қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты жұмсауға рұқсат етіледі.

"Бүгін қаралған заң жобасы ел экономикасының өсуін қалпына келтіруге және халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған. Мемлекет басшсының тапсырмасымен азаматтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана алуға және емделуге жұмсау үшін қолдану құқығы беріледі", - деді сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Оқи отырыңыз: Баспана алу үшін зейнетақы жинағын қалай қолдануға болады 

Сонымен қатар, құжатта бірыңғай терезе қағидасы бойынша "бизнеске арналған үкімет" қызметін іске қосу көзделіп отыр.

Заң жобасына сәйкес, микроқаржы ұйымдарына және олардың басшылық лауазымдағы қызметкерлеріне қойылатын талаптар күшейтіледі. Бұл қарыз алушыларды қорғауға және қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған басымдылық.

"Осы заң жобасында білім гранттарына берілетін квоталар да қарастырылған. Бұл норма көпбалалы және толық емес, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылардың балаларына жоғары білім алу мүмкіндігін кеңейтеді. Заң жобасын сенат комитетінде қарау кезінде өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар түсті. Заң қабылданғаннан кейін ел игілігіне қызмет етеді деп сенеміз", - деді спикер.

Парламент сенаты заң жобасын тиісті түзетулермен мәжіліске жіберді. Мәжіліс мақұлдағаннан кейін, құжат президентке жолданады.

Жаңалықтар
0