Қоғам

Иесінің қабірін күзеткен алматылық Хатико қазақстандықтардың жүрегін елжіретті

© Photo : жителей Турксибского районаИт
Ит - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Иесіне адал ит екі айдан бері Шамалған станциясының жанындағы зиратты мекендеп жүрген болуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысында қайтыс болған иесінің қабірін күзетіп жүрген ит желі қолданушыларының жүрегін елжіретті.

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде тараған видеода иттің зират маңында бірнеше күннен бері жатқаны байқалады. Ал құлпытаста 60 жастағы қарияның биыл қазан айында қайтыс болғаны көрінеді.

Видео авторы қожайынының қабірін күзетіп, иесіне адал болып қалған ит туралы айтады. 

"Бұл өте жақсы ит. Ол қожайынынан айырылып, енді оның қабірін күзетіп отыр. Бұл нағыз дос және адал әрі өте жақсы ит", – дейді автор.

Айта кетейік, зират Алматы облысы, Қарасай ауданындағы Шамалған станциясының жанында орналасқан.

Оқи отырыңыз: Ит өмірден озған иесін 11 жыл бойы жолда күтіп отыр – видео

Видеоны кім, қашан түсіргені белгісіз. Зират маңының қар басқанына қарағанда, видеоның түсірілгеніне көп уақыт өте қоймаған сияқты. Ал ер адамның көз жұмған күнін ескерсек, ит екі айдан бері зират маңын мекендеп жүрген болуы мүмкін.

Жаңалықтар
0