Қоғам

Сәкен Майғазиев Шымкентте қызметке тағайындалды

© Photo : Сәкен Майғазиевтің Instagram парақшасынанСәкен Майғазиев
Сәкен Майғазиев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңалықты әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оқырмандары сәттілік тілеп жарыса жазып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан — Sputnik. Сәкен Майғазиев "Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымы" директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Жаңалықты әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оқырмандары сәттілік тілеп жарыса жазып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәкен Майғазы (@saken_maigaziyev)

Сәкен Майғазиве 1975 жылы 1 қаңтарда Түркістан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген.

1993 жылы Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк колледжінде "Соқпалы аспаптар және эстрада әншісі" бөлімі бойынша білім алған. Бұдан соң  Т. Жүргенов атындағы өнер академиясын "Эстрада әншісі" бөлімі бойынша тәмамдады.

2001 жылдан бастап "МузАРТ" тобының мүшесі болды.

Ал 2012 жылдан бастап Ж.Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжінде ұстаз қызметін атқарды.

Соңғы үш жылда Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының шығармашылық жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры лауазымында болды.

Майғазиев Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы марапаттарының иегері.

Жаңалықтар
0