Қоғам

Сабина Алтынбекова кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды

© Photo : Волейбольный клуб "Алматы"Волейболистка Сабина Алтынбекова
Волейболистка Сабина Алтынбекова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сабина Алтынбекованың таңдауы продюсер Саят Тостықбаевқа түсті, ол қазақстандық "Круиз" кинокомедиясы продюсерлерінің бірі болған

АЛМАТЫ, 25 желтоқсан –  Sputnik. Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекованың кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды. Спортшының таңдауы продюсер Саят Тостықбаевқа түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қайрат Жолдыбайұлы (@kairatzholdybaiuly)

"Бүгін мешітімізде Саят Салманұлы мен Сабина Алтынбекова ақ некесін қидырды. Жаратқан некелерін баянды етіп, екі дүниенің бақытын нәсіп етсін!", - деп жазды Islam.kz порталының бас редакторы Қайрат Жолдыбайұлы. Екі жастың некесін Жолдыбайұлы қиды.

Сәбина Алтынбекованың күйеуі туралы не білеміз

Ашық дереккөздерде спортшының күйеуі туралы ақпарат аз. "Одноклассники" желісіндегі парақшасында оның 1988 жылы 30 шілдеде дүниеге келгені көрсетілген.

Сабина Алтынбекова тұрмысқа шықты – фото 

Сонымен қатар Саят Тостықбаевтың қазақстандық "Круиз" кинокомедиясы продюсерлерінің қатарында болғаны белгілі. Өткен жылы кәсіпкер Бейбіт Әлібековтің спорттық киім желісін таныстыру кезінде қонақтардың арасында болды.

Айта кетейік, бұған дейін "Найман" лақап атымен танылған спортшы Қуат Хамитов Сабина Алтынбекованы ұнататынын және оның жүрегін жаулап алғысы келетінін мәлімдеген болатын. Алтынбекованы өзінің әйелі ретінде көретінін жасырмады. Алайда Алтынбекова Хамитовті өмірінде бір-ақ рет көргенін айтты.

Жаңалықтар
0