Қоғам

Өзіне қол салған курсант букмекерлік кеңселерде ұтыс тігумен айналысқан – ІІМ

© Sputnik / Ксения ВоронинаПолицейский
Полицейский - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол өзге курсанттардан қарызға ақша алып, оның көпшілігін қайтармаған, деп атап өтті кадр саясаты департаментінің бастығы Айдар Сайтбеков

НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев курсанттың өзіне қол салуына байланысты кешенді тексеріс жүргізіліп жатқан Мақан Есболатов атындағы ІІМ Алматы академиясына барды.

Министрге тексерістің алдын ала нәтижесі туралы арнайы топтың басшысы – ІІМ кадр саясаты департаментінің бастығы Айдар Сайтбеков баяндады, деп хабарлайды Polisia.kz.  

Курсант өлімі: өзге ата-аналар да академиялардың былық-шылығы туралы айтты 

Ол оқу орнының тұрмыстық жағдайы, материалдық-техникалық жабдықталуы ғана емес, оқытушылар мен курсанттар арасындағы моральдық-психологиялық ахуал да зерттеліп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта жүйелі түрде заңсыз ақша жинау фактілері расталмаған. Дегенмен курсанттардың туыстарының оқу орнындағы ықтимал қысым көрсетушілік туралы хабарламалары да мұқият зерттелуде.

Студенттер арасында әлеуметтік-психологиялық зерттеу жүргізу барысында өзіне қол жұмсаған курсанттың әртүрлі сылтаулармен туыстарынан үнемі ақша сұрайтындығы анықталған.

"Ол сондай-ақ өзге курсанттардан қарызға ақша алып, оның көпшілігін қайтармаған. Курсанттардың айтуы бойынша, соңғы кезде қаза тапқан курсант интернет-казино мен букмекерлік кеңселерде ұтыс тігумен айналысқан", – деп баяндады Айдар Сайтбеков ішкі істер министріне.  

Сонымен қатар, курсант Саламат Өтегенов туысқандары мен таныстарынан түрлі сомаларды осы мақсатқа алып отырған деген болжам бар. Қылмыстық істі тергеу аясында болған оқиғаның барлық нұсқасы тексерілуде.

Оқу орнын аралау барысында Ерлан Тұрғымбаев оқу үдерісін ұйымдастыру мәселелерімен, сондай-ақ курсанттардың казармада тұру жағдайымен танысты. Министр сондай-ақ Академияның оқытушыларымен, курсанттарымен және курсанттардың ата-аналарымен кездесті.

ІІМ басшысы жақын арада жаңа басшылық тағайындалатынын, оның басты міндеті курсанттардың тәртіп деңгейі мен кәсіби даярлығын арттыру екенін атап өтті.

Курсант өлімі

Саламат Өтегеновтың денесі 13 желтоқсанда асхананың қосалқы бөлмесінде табылды. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі оны құтқара алмады. Қаралы хабар ата-анасына сол күні хабарланды. 16 желтоқсанда марқұм Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы Шабдаржап ауылында жерленді.

Жігіттің анасы оқу мекемесінде әрдайым ақша талап ететінін айтты. Бекзат Иманғалиеваның айтуынша, бірінші сессия тапсыру үшін ұлы 80 мың сұраған. Ақшасыз тапсыру мүмкін болмаған.

Өмірінің соңғы күнінде ол сағат 11-де ағасына "17.00-ге дейін 300 мың теңге жіберші" деп жазған. Ауылда интернет нашар болғандықтан, ағасы хабарламаны тек кешке оқыды. Саламат 16.31-де соңғы смс-те: "Мен кеттім" деп жазған.

19 жастағы жігіт 3-курста оқыған.

Академия бастығы жұмыстан босатылды

Ішкі істер министрінің бұйрығымен сеніп тапсырылған бөліністегі ұйымдастыру жұмыстарын қадағаламағаны үшін академия бастығы О.Х. Смаилов атқарып отырған лауазымынан босатылды. Сонымен қатар, академияның тағы 16 жауапты қызметкері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, олардың бесеуі лауазымынан босатылды.

Жаңалықтар
0