Қоғам

Жаңа қаулыда оқушылар мен студенттердің қалай білім алатыны нақтыланды

© Photo : акимат Нур-СултанаМедицина қызметкерлері
Медицина қызметкерлері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Колледждер мен ЖОО-ның бірінші курс студенттеріне екінші семестрден дәстүрлі форматта білім алуына рұқсат етіледі

НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Онда мектеп оқушылары мен студенттердің бір бөлігі штатытық жағдайда білім алуына рұқсат етілетіні айтылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жаңа қаулыда 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап 300 оқушыға дейінгі контингенті бар қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға болады делінген. Бірақ ол жердегі балалар саны 15 адамнан аспауы тиіс.

Сондай-ақ, жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда, 1-ден 5-ке дейінгі сыныптарда, халықаралық мектептерде – ата-аналарының қалауы бойынша 15-тен аспайтын сыныптардың толық жиынтығын ескере отырып, 7-сыныпқа дейін білім беру дәстүрлі форматта жүргізіледі.

"Ал оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға: пәндердің 70%-ін штаттық режимде, 30%-ін қашықтықтан оқытылады. Бірақ сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтық сақталып, 1 сынып – 1 кабинет қағидаты бойынша оқытылуы тиіс. Сонымен қатар, бір уақытта мектепте жобалық қуаттың 30%-інен аспайтын адам болып, санитариялық-дезинфекциялық режим сақталып, маска режимі күшейтілуі керек", – деп көрсетілген қаулыда.  

Сонымен қатар, екінші семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері үшін күндізгі оқытуға рұқсат етіледі.

Оған қоса "Балдәурен" республикалық білім беру-сауықтыру орталығы мен "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық білім беру-сауықтыру орталығының қызметіне аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал ескеріле отырып, жұмыс істеуіне болады.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

Оқи отырыңыз: Жаңа қаулы: Нұр-Сұлтан тұрғындары нені білуі тиіс

Қарардың толық мәтінімен мына жерден таныса аласыз.

Жаңалықтар
0