Қоғам

Алматыда дүкенге қарақшылық шабуыл жасалды

CC0 / / Қаруланған адам
Қаруланған адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дүкенде 72 жастағы әйел тұрған. Сатушының айтуынша, қарақшылар тапаншамен аспанға оқ атып, ақша талап еткен

НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Алматының Түрксіб ауданында дүкенге қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шабуыл туралы хабар "102" нөміріне жексенбі, 27 желтоқсанға қараған түні түсті. Патрульдік жасақ бірден көрсетілген мекенжайға аттанды. Полицейлерді дүкенде 72 жастағы әйел қарсы алды.

Жәбірленушінің айтуынша, дүкенге медициналық бетперде таққан төрт адам баса-көктеп кіріп келген. Қаскөйлер зейнеткерді тапаншамен қорқытқан, аспанға бір рет оқ атып, ақша талап еткен.

Осыдан кейін қарақшылар қосалқы үй-жайда тағы бірнеше сатушы жүргенін көріп, қашып кетті.

"Буран-288" патрульдік полициясының экипажы екі күдіктіні ізін суытпай ұстады. Олар жиырма жаста, қазір уақытша қамау изоляторында отыр.

Тағы оқыңыз: "Шабуыл жасап, үш қап ақшаны алып кетті": банк желіде тараған видеоны растады

"Тінту барысында фигуранттардың бірінен пневматикалық тапанша табылды", - деді Түрксіб ауданы полиция басқармасының басшысы Еркін Амантаев.

Қалған екі күдіктінің кім екені анықталуда.

Бұл факті Қылмыстық кодекстің 192-бабы 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді.

Күдіктілер мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0