Қоғам

Президенттің әлеуметтік желідегі әлеуеті: Тоқаев 2020 жылы қанша твит жариялады

Жазылу
Әлеуметтік желідегі жазбалардан кейін Тоқаевтың тікелей араласуымен Маңғыстау облысындағы Боз­жыра қорығы аумағында салынатын қонақ үй құрылысы қайта қара­латын болды

НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан – Sputnik. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл қанша твит жасағанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Биыл президент Twitter-де 630-дан астам, ал Instagram-да 30 хабарлама жариялады, – деді ол "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұқбатында.

Ол Тоқаевтың Твиттерде берген нұсқаулары қалай жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

"Айталық, Қасым-Жомарт Кемел­ұлы Ақмола облысындағы "Көбейтұз" көліне келтірілген зиянды әрекеттерге алаңдаушылық білдіріп, тиісті министрліктерге тапсырма берді. Соның нәтижесінде көрікті жер­дегі келең­сіз әрекет тоқтатылды. Бүгін­де эко­ло­гиялық ағарту жұмыстары жүр­­гі­зілу­де", – деді Берік Уәли.

Сонымен қатар, ол президент бірқатар депутаттар мен патриот азаматтардың мемлекеттік рәміздерді, әсіресе туды күнделікті өмірде кеңінен қолдану туралы ұсынысына назар аударып, үкіметке қолданыстағы заңнамаларға өзгеріс енгізуді тапсырды. Соның нәтижесінде, туды қоғамдық, көпшілік орындарда, үйлердің балконына ілуге рұқсат берілген үкімет қаулысы шықты.

Президенттің тікелей араласуымен Маңғыстау облысындағы Боз­жыра қорығы аумағында салынатын қонақүйдің құрылысы қайта қара­лады.

Оқи отырыңыз: Экология министрі Бозжыра шатқалындағы құрылысқа қатысты жазба жариялады

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Алматы қаласы Төле би кө­ше­сінде­гі ағаш­тардың оталғанына қатыс­ты жағдай­­ға назар аударғаны белгілі. Нәтижесінде, қала әкіміне қызмет­тік тексеру жүр­гізіп, кінәлілерді жауап­кер­шілікке тарту тапсырылды.

Жаңалықтар
0