Ақша, архивтегі фото

Кімдерге ай сайын төлем төленеді мәжіліс заң жобасын мақұлдады

6219
(Жаңартылды 11:17 30.12.2020)
Төтенше және өкілетті елші, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкіл қызметін атқарған ардагерлерге Қазақстан үкіметі айқындайтын мөлшерде ай сайын ақшалай төлем төленеді

НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс дипломатиялық қызмет ардагерлерінің әлеуметтік қорғалуын арттыруды көздейтін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстанның дипломатиялық қызметі туралы заң жобасы қаралды.

Құжат қазақстандық дипломаттардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға және дипломатиялық қызмет органдарының қызметін жетілдіруге бағытталған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 2021 жылы зейнетақы қаншаға өсетіні белгілі болды

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, заң жобасында "Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ардагері" ұғымын бекіту ұсынылған.

Бұл санатқа зейнеткерлік жасқа толған және кемінде 25 жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның ішінде Қазақстанның дипломатиялық қызмет органдарында 15 жыл жұмыс істеген адамдар жатқызылады.

"Төтенше және өкілетті елші, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкіл қызметін атқарған немесе төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар дипломатиялық қызмет ардагерлеріне Қазақстан үкіметі айқындайтын тәртіппен және мөлшерде ай сайын ақшалай төлем төленетін болады. Қажетті шығындарды республикалық бюджет комиссиясы биыл 11 тамызда қолдады", - деді министр.

Сондай-ақ, әлемдік саясат пен экономика саласында іргелі және ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында дипломатиялық қызмет органдары жүйесіне ғылыми мекемелерді кіргізу ұсынылып отыр. Бұл сыртқы істер министрлігіне қарайтын сыртқы саяси зерттеулер институтының мәртебесін арттырып, оның қызметінің негізгі бағыттарын бекітуге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, Алматы қаласында сыртқы істер министрлігінің өкілдігін заңды тұрғыдан бекіту арқылы оның заңды мәртебесін анықтау және шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық өкілдіктері алдында өкілдіктің маңыздылығын арттыру көзделген.

Бүгінде Алматыда шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 100-ге тарта өкілдігі жұмыс істейді.

6219
Тақырып бойынша
2 миллион теңге берілмейді: дәрігерлердің өтемақысын неге тоқтатты?
Көпбалалы аналар 153 миллиард теңге жәрдемақы алды - еңбек министрлігі
Коронавирустан қайтыс болған барлық медицина қызметкерінің туыстары өтемақы алды
Балаға берілетін жәрдемақы - 2021: кімге, қалай және қанша төленеді?
Процент

Сарапшы кредитті уақытынан бұрын қай кезде жабу тиімді екенін айтып берді

8
(Жаңартылды 14:51 10.05.2021)
Несие мерзімінің бірінші жартысында кредитті уақытынан бұрын өтеген тиімді, дейді маман

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр - Sputnik. Ресейдің қаржы министрлігіне қарасты қаржылық сауаттылық орталығының директоры Анна Харнас кредитті қай кезде уақытынан бұрын төлеу тиімді болатынын айтты, деп хабарлайды "Российская газета".

"Несие мерзімінің бірінші жартысында кредитті уақытынан бұрын өтеген тиімді. Төлем жүйесі әдетте аннуитет болуы керек. Алдымен сіз банк процентін төлейсіз. Содан кейін сіздің төлеміңіздегі сыйақы сомасы азаяды, ал негізгі қарыз керісінше, өседі. Сондықтан кредит мерзімі басталған кезде мерзімінен бұрын өтеу процентті қайта есептеп, артық төлемнің төмендеуіне әкеледі", - деп түсіндірді Харнас.

Оның айтуынша, кредит мерзімінің соңында уақытынан бұрын өтесеңіз, үнемдей алмайсыз. Өйткені бұл уақытта негізгі қарыз төленіп жатады.

Оқи отырыңыз: "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды

Харнас кредит төленетін күні мерзімінен бұрын өтеу жасалғаны дұрыс деп түсіндірді. Өтйкені, егер сіз кейінірек төлейтін болсаңыз, онда кезекті төлем күнінен бастап өткен күндер үшін есептелген сыйақы енгізілген сомадан есептеліп, қалған сома ғана мерзімінен бұрын өтеуге кетеді. 

8
Кілт сөздер:
банк, несие, үнемдеу
Тақырып бойынша
"Қара тізімнен" шыққан 2 миллион адам тағы кредит ала ма – мамандар пікір білдірді
Кредит жайлы жаңалық: Парламент 490 мыңға жуық адамды қуантатын заңды қабылдады
Қазақстанда 750 миллиард теңге кредитті төлеу мерзімі кейінге шегерілді
Қазақстандықтар банктерге 7 триллион теңге қарыз – БАҚ
телефон

Мамандар телефон арқылы ақша ұрлаудың әдістері туралы айтты

708
(Жаңартылды 13:20 10.05.2021)
Сарапшылардың айтуынша, смартфонды ұрлап кетсе, алаяқтар иесінің барлық қаржылық операциясына кіре алады. Сол себепті ұялы телефонды үнемі бұғаттап отыру қажет

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр - Sputnik. Ресейлік мамандар картасыз төлем жасау жүйесі арқылы ақша ұрлаудың әдіс-тәсілдері туралы айтты. Алаяқтар оны жиі қолданып жатады.

"Синергия" университетінің "Банк ісі" кафедрасының аға оқытушысы Антон Рогачевскийдің айтуынша, барлық төлем телефон арқылы жасалса, ақшаны кәдімгідей терминалдың көмегімен кез келген жерде ұрлауға болады.

"Біз телефонды ылғи шалбардың калтасына салып жүреміз. Терминалды да сөмкеге салып, қажетті соманы енгізу арқылы ақшаны ұрлап кетуге болады. Ол үшін қарбалас сәтті пайдаланып, қоғамдық көлікте ме, басқа жерде ме, адамға жақын тұрып, телефонға сөмкені жақындатып өткізсе де жеткілікті", - деді Рогачевский "Прайм" агенттігіне берген сұхбатында.

Ал Еуропалық заң қызметінің заңгері Евгений Иванов NFC арқылы төлем жасаудың басты кателігін атады. Оның айтуынша, телефонмен ақша аударғанда операцияны саусақтың ізімен немесе пин-кодпен растау қажет. Бірақ смартфонды ұрлап кетсе, алаяқтар иесінің барлық қаржылық операцияларына кіре алады. Сол себепті ұялы телефонды үнемі бұғаттап отыру қажет. Ал картасыз төлем жасау жүйесіне мобильді аударымның шекті сомасын енгізіп қойған дұрыс.

Бұған дейін SafeNet аймақтық инжинирингтік орталығының директоры Денис Кувиков телефон алаяқтарының қалай қылмыс жасайтынын айтқан еді. Олар алдымен сан алуан интернет-дүкендерінің сайттарын бұзып, адамдардың жеке мәліметтерін алады. Сөйтіп әрбір адамның мекенжайын, аты-жөнін, қандай банкте тіркелгенін және тағы басқа ақпаратты алып, алаяқтық әрекеттер жасайды.

Оқи отырыңыз: "Мобильді аударым жасаңыз!": кәсіпкерлер халықты қалай алдайды

 

708