Қоғам

Қазақстанда тұрғын үй бағдарламасына өзгеріс енгізілді  

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуМакет дома на калькуляторе
Макет дома на калькуляторе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Енді отбасының әрбір мүшесі үшін ай сайынғы табыстың көлемі "Бақытты отбасы" бойынша 106 336.2 теңгеден, "Шаңырақ"   бағыты бойынша 126 917.4 теңгеден аспауы керек

НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан – Sputnik. "Нұрлы жер" бағдарламасына өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда,  "Бақытты отбасы" және "Шаңырақ" бағыты бойынша табыстың шекті көлемі көтерілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Krisha.kz сайтына сілтеме жасап.   

Енді "Бақытты отбасы" бойынша отбасының әрбір мүшесі үшін ай сайынғы табыстың көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3.1 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс. 2021 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 302 теңге болады. Оны 3.1-ге көбейткенде 106 336.2 теңге шығады. Осылайша, "Бақытты отбасына" қатысатын адамдардың отбасында әрбір адамға шаққанда табыстың көлемі соңғы алты айда 106 336 теңгеден аспауы шарт. Бұған дейін ол лимит 2 күнкөріс деңгейіне тең болған.

Ал "Шаңырақ" пен "Әлеуметтік кредиттік баспананы іске асыру" бағыттары бойынша лимиттің деңгейі 3.7 күнкөріс деңгейіне, яғни,  126 917.4 теңгеге дейін көтерілді. Бұрын бұл көрсеткіш 3.1 болған.

Оқи отырыңыз: Баспана алу үшін зейнетақы жинағын қалай қолдануға болады 

Алайда табысы межеден асып кететін адамдар да "Бақытты отбасы" мен "Шаңыраққа" қатыса алады. Ол үшін кредиттік баспананы сатып алуға жететін қаржы болуы керек. "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ашылған депозитті де пайдалануға болады. 

Бұдан бөлек, "Шаңырақ" бойынша құрылысы аяқталған проблемалық тұрғын үйлерден баспананы немесе үлесті сатып алуға болады. Ондай құрылыстармен нақты ұйымдар айналысады. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтанда – "Елорда Құрылыс Компаниясы" ЖШС, Алматыда – "Күрделі құрылыс кәсіпорны" ЖШС.

Жаңалықтар
0