Қоғам

Тоқаев бірқатар заңға қол қойды

© Официальный сайт Президента КазахстанаТокаев провел заседание Высшего совета по реформам
Токаев провел заседание Высшего совета по реформам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент түрлі сала мен бағытты қамтитын заңдарға қол қойды. Кейбір заңнамалық актілерге өзгерту мен толықтырулар енгізілетін болады

НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды. Оларға сәйкес, заңнамаларға өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі. Бұған қоса, бір халықаралық келісім ратификацияланды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының үкіметі туралы" конституциялық заңға өзгерістер енгізіледі. Өзгертуде жауапты хатшылар институтын жою қарастырылған.

Сондай-ақ, Қазақстан үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің үкіметі арасындағы келісім ратификацияланды. Қазақстанның БАӘ елшілігіне және БАӘ-нің Қазақстандағы елшілігіне Нұр-Сұлтанда және Әбу Даби қаласында жер учаскелерін өзара өтеусіз пайдалануға беріледі.

Мемлекет басшысы "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Құжатта педофилдер, жемқорлар мен мемлекеттік қызметшілер жазасын күшейту қарастырылған болатын.

Техникалық реттеу, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

Сондай-ақ, қол қойылған құжаттар арасында мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелеріне қатысты заң да бар. Оған сәйкес, кәсіби спорт клубтарды қаржыландыру 2 есеге қысқартылады. Үнемделген қаражат жаппай спортты дамытуға бағытталады.

Жаңалықтар
0