Сот отырысы, архивтегі сурет

Қазақстанда өлім жазасы алынып тасталды

1518
Халықаралық құжатқа қол қоюшы елдер өлім жазасын қолданбау, өз юрисдикциясы аясында өлім жазасының күшін жою үшін барлық қажетті шараларды орындау міндеттемесін қабылдайды

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші Факультативтік Хаттаманы ратификациялау туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстанда өлім жазасына 2003 жылы желтоқсанда мораторий енгізілген болатын.

Биыл қыркүйектің соңында Қазақстан екінші Факультативтік хаттамаға қол қойды. Ал халықаралық шарттар туралы заңнамаға сәйкес, ондай құжаттар міндетті түрде парламентте ратификацияланады. Мәжіліс заң жобасын мақұлдады. Сенат депутаттары да хаттаманы ратификациялауға келісім берді.

Тағы оқыңыз: "Әлі де жеңілдеу": сенат депутаты кімді өлім жазасына кесу керек екенін айтты

Халықаралық құжатқа сәйкес, қол қоюшы елдер өлім жазасын қолданбау, өз юрисдикциясы аясында өлім жазасының күшін жою үшін барлық қажетті шараларды орындау міндеттемесін қабылдайды. Өлім жазасын тек соғыс уақытында қолдануға рұқсат етіледі.

Қазақстан екінші факультативті хаттаманың 2-бабына сәйкес, соғыс уақытында жасалған әскери аса ауыр сипаттағы қылмыстар үшін кінәлі деп танылғаннан кейін, соғыс уақытында өлім жазасын қолдану құқығын өзіне қалдырады.

1518
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, өлім жазасы
Тағайындау, қызмет

Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды

694
(Жаңартылды 20:25 22.01.2021)
Ол әр жылдары Алматы қаласындағы республикалық апаттар медицинасы орталығының дәрігері, денсаулық сақтау министрлігінің бас маманы, бөлім, басқарма басшысы болды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Жандос Бүркітбаев денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Үкіметтің тиісті қаулысы шықты.

Жаңа вице-министр туралы не білеміз

Жандос Бүркітбаев 1971 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

1996 жылы C. Асфендияров атындағы Алматы ұлттық медицина университетін "Емдеу ісі" мамандығы бойынша, 2003 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша тәмамдады. Ал 2007 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын "Фармация" мамандағы бойынша, 2018 жылы Қазақстан медицина университетінің дипломын алып шықты.

Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем клиникалық ауруханасында дәрігер-терапевт болып бастаған. 

Вице-министр здравоохранения Жандос Буркитбаев
Жандос Бүркітбаев ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды 

Әр жылдары Алматы қаласындағы республикалық апаттар медицинасы орталығының дәрігері, денсаулық сақтау министрлігінің бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысы, мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2008 жылы астанадағы "Қан орталығын" басқарды. 2011-2019 жылдары Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының директоры болды. 

2019 жылдың 23 қаңтарынн бастап Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың басқарма төрағасы қызметін атқарды.

694
Кілт сөздер:
вице-министр, денсаулық сақтау
Тақырып бойынша
Денсаулық министрі Тоқаевқа карантиннің күшейтілуі туралы айтып берді
Алексей Цой неге вакцина салдырмағанын түсіндірді
Цой Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар неге көбейіп жатқанын түсіндірді
Денсаулық сақтау жүйесі адам өмірін бірінші орынға қоюы қажет – мемлекет басшысы
Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталады – Цой
Назарбаев Алтай Көлгіновті қабылдады

Назарбаев Алтай Көлгіновті қабылдады

32
(Жаңартылды 19:34 22.01.2021)
2020 жылы елорданы дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша маңызды жобаларды іске асыруға 1 триллион теңгеден астам инвестиция тартылған

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады.

Қала басшысы Елбасыға эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.

Оның мәліметіне сәйкес, 2020 жылы елорданы дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша маңызды жобаларды іске асыруға 1 триллион теңгеден астам инвестиция тартылған. Көлгінов білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылымды дамыту жобаларына да тоқталды.

Сондай-ақ, астана әкімі пандемия жағдайында елорданың шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау шаралары туралы айтып берді.

Елбасының ресми сайты Назарбаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты да қабылдағанын хабарлап отыр.

 

 

 

32
Кілт сөздер:
Алтай Көлгінов, Назарбаев
Тақырып бойынша
Шығыс Қазақстанды бөліп алып, басқа мемлекет құрғысы келді – Назарбаев
Оны ұстап тұра алмадық – Назарбаев Айсұлтанның тәуелділіктен арыла алмағанына өкінді
Назарбаев түнде "Nur Otan" партиясының штабына келді
Назарбаев тағы да үндеу жасады
Назарбаев Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты